Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Футбол тойынан» неге ақша таппаймыз?

17.04.2020, 12:35 380

HALYQLINE.KZ –| Футболдың немесе спорттық іс-шараның кезінде ақша табудың тағы бір тәсілі бар. Ол – спорттық іс-шараны көруге келген, яғни демалып, рахаттанғысы келген адамға ас-сусын сату. Еуропаның көп елінде осының өзінен көп қаржы түседі. Сондықтан, стадион маңында жанкүйерлер ойынға дейінгі атмосфераны сезініп сыртта жүреді. Сыра, кофе, шай, кола секілді мұздай сусындар ішіп, гамбургер мен сендвичтер жеп алдағы 90 минуттық ойынға дайындалады. Сонымен қоса, ойынның алдында түрлі жарыстар өтеді. Допты ең қатты тепкен жанкүйерге, дәлдігі мықты фанатқа, тапқырлығы мықты эрудит жанкүйерлерге арналған түрлі сыйлықтар таратылады. Осының өзі қарап тұрсаңыз керемет сезім сыйлайды. Құдды бір жәрмеңкеде жүргендей сезінесіз. Мен оны «футбол тойы» деп жазып та жүрмін.

«Астана Аренада» Еуропаның бір мықты командасы келген кезде ғана ас-сусыныңызды сатып ала аласыз. Ал қалған ҚПЛ ойындарында тамақтанып бармасаңыз, аш қалуыңыз бек мүмкін. Стадионнан 10 шақырым радиуста бірде-бір дүкен жоқ. Арена сыртында ғаламат бір атмосфера болғанын өз басым әлі көре қойған жоқпын. Өткенде айтқан атрибутикалар сату жағын осы жерде де қарастырып жіберсе болады. Бірақ, мұның барлығы қазақ футболына әлі келе қойған жоқ. Германияда «Шальке» мен «Хоффенхайм» ойынында сатылған тамақ пен сусын, атрибутика мен ойын-сауық ойындары, матч билеті, автотұрақ ақшасы барлығы 1 миллион еуродан асып жығылыпты. Бұл жерде ТВ көрсетілім қаржысы мен өзге де брендтердің жарнамасы жайлы айтып тұрғаным жоқ. Олардың матчтарына 60-70 мың адам келетіні рас. Қазақстанда 30 мың адам келген матчта 10-15 миллион теңге пайда табуға болады. Бірақ, ол бізге керек пе? Жанкүйерлердің жағдайын ойлап қайтеміз? Себебі, «Самұрық-Қазынаның» ақшасын игерудің өзі де жетіп жатыр емес пе?

Ермұхамед Мәулен

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: