Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дани Алвес – ең атақты футболшы

17.03.2020, 15:42 698

Бразилия құрамасы өз елінде өткен турнирде жеңіске жетіп, тоғызыншы рет Copa America жеңімпазы атанды. Турнирдің бас мергені атағын үш доптан енгізген Эвертон (Бразилия) мен Хосе Паоло Герреро (Перу) бөлісті. Перу құрамасы тұңғыш рет құрлық додасының күміс жүлдесін иеленіп отыр.

Бразилия құрамасының капитаны Дани Алвес футболдағы 40-ыншы жүлдесіне қол жеткізді. Әлемде одан атақты ешкім жоқ.

Дани Алвес жеңіп алған жүлделер мынадай:

«Севилья» (Испания), 2003-2008 жылдары

УЕФА кубогы – 2, УЕФА суперкубогы – 1, Испания кубогы – 1, Испания суперкубогы – 1.

«Барселона» (Испания), 2008-2016 жылдары

Чемпиондар лигасы – 3, клубтық әлем чемпионаты – 3, УЕФА суперкубогы – 3, Испания Ла-лигасы – 6, Испания кубогы – 4, Испания суперкубогы – 4.

«Ювентус» (Италия), 2016-2017 жылдары

А сериясы – 1, Италия кубогы – 1.

ПСЖ (Франция), 2017-2019 жылдары

Лига 1 – 2, Франция суперкубогы – 2, Франция кубогы – 1, лига кубогы – 1.

Бразилия құрамасы, 2006 жылдан бері қарай

Copa America – 2, Конфедерация кубогы – 2.

Бұдан бөлек, оның «Байя» командасы сапында жеңіп алған тағы үш штаттық атағы бар. Сондай-ақ Дани Алвес – жастар арасындағы әлем чемпионы.

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: