Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір жылда 226 марафонға қатысқан қазақ

01.05.2020, 9:00 810

HALYQLINE.KZ –| Былтыр күзде Ерлан аға (Әшім) осы кісі туралы айтып берген. Кеше ютубтан бір сұхбатын көріп қалдым да, қанбай қалып, осы кісі туралы басқа да видеоларды көріп шықтым.

Мектепте оқып жүргенде кермеге (турник) алты рет тартылады екен. Бір досы он екі рет тартылатын болған. Екеуі келісіп, күніне жүз реттен, сосын күн сайын он реттен қосып тартылатын болыпты. Яғни, бірінші күні 100, екінші күні 110, үшінші күні 120, солай-солай. Бір-бірден болса да тартылып, кешке дейін межеге жету керек. Осылай бір ай тартылып, бір айдан кейін мектепте бәрі норматив тапсыруы керек болған екен.

Досы үшінші күні тоқтатыпты. Бұл алған бетінен қайтпайтын адам, соңына дейін жеткен. Сонда, отызыншы күні 400 рет тартылған боп тұр ғой.

Норматив тапсыруға барғанда досы 14 рет, бұл 6-ақ рет тартылыпты. Қолы сіресіп қалған. Бір күн демалмай, анандай мөлшерде тартылу оңай ма?

Бәрі күлді дейді. Өмірі олай масқара болмаған екен.

Желаяқ Жыланбаев

Арада бірнеше күн өткен соң, төменгі сыныптарға дене шынықтыру болып жатқанда, мұғалім бұны шақырып алып, «тартылшы» депті. Алты рет тартылады деп ойлаған ғой. Тартыла бастадым дейді. Он, жиырма, отыз, қырық, елу! Елу рет бір-ақ тартылған. Мұғалімнің көзі бақырайып кетті, өзім де сенер-сенбесімді білмедім дейді.

Бұл бала кейін әлемдегі жеті шөлді жүгіріп отырып кесіп өткен жігітке айналған. Ол ерлікті әлем бойынша әлі бір де бір адам қайталамаған. Күніне екі рет марофоннан жүгіріп, неше түрлі рекордтарды жаңартқан. Түске дейін – 42, түстен кейін 42 шақырым жүгіру дегенді ойлап көріңізші өзіңіз. Бір жылы 226 рет марафон жүгіріпті. Масқара!

Ол кісінің аты – Марат Жыланбаев. Әлемнің желаяқтарының бәрі таниды. Қазақстанда орыс тілді орта болмаса, қазақ тілді аудитория көп біле қоймайтын сияқты. Мен енді танып-біліп жатырмын.

Арман ӘЛМЕНБЕТ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: