«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 418.41 (-0.26)

  • EUR: 507.95 (0.31)

  • RUB: 5.69 (-0.02)

«Әкімдер Тоқаевтың жарлығын мүлде қате түсіндіріп отыр»

14.01.2021, 14:40 47 0

HALYQLINE.KZ

«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков Қазақстан футболындағы реформаға қатысты өз ұстанымын білдірді. Ол онсыз да аз бюджетті қысқарту футзал клубтарының жойылуына әкеп соғады дейді.

– Әкімдердің футзал клубтарының бюджетін қысқарту туралы шешімі мүлдем дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл Қазақстан Президентінің жолдауын қате түсіндіру екені анық. Футзал клубтары қазірдің өзінде үлкен футболмен салыстырғанда ең аз бюджетке ие. Ал УЕФА аясындағы халықаралық турнирлердегі нәтижелері мен ел тұрғындары арасындағы футзалдың бұқаралық сипатын салыстыруға да келмейді. Президенттің де айтқаны осы емес пе? Спорт түрінің бұқара арасында кең таралуы мен қолжетімділігі. Біз алда футзалдың элиталық деңгейін, қазақстандық менеджерлер мен мамандардың қол жеткізген нәтижесінен толық айырылып қалуымыз ғажап емес. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қазақстандық футзал әлемде 7-орында тұр,– деді «Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков.

Айта кететін жайт, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой спортқа мемлекеттік шығындарды азайту керектігін айтқан еді. Сонан соң, шенеуніктер футбол клубтарына бөлінетін мемлекеттің ақшасын жылына 800 миллион теңгеге дейін қысқартуды ұсынды. Бұл мөлшерден артық қаражатты қазынадан беру мүмкін емес деп санайды олар.

Заң әлі күшіне енген жоқ, бірақ әкімдер бюджеттерді қысқартуға кірісті. Балалар, жастар және футзал клубтарының бюджеті ең бірінші болып қысқарып жатыр. Олар не жабылады, не аз ғана қаражатқа ие болмақ. Президенттің жасөспірімдер спортын дамытудың маңыздылығын айтқанын ескерсек, бұл – ақылға қонбайтын шешім. Футзал клубтары әлемдік деңгейде үлкен футбол командалары тіпті армандай алмайтын нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: