Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол жөнделсе, жүріс өнеді

10.12.2020, 10:30 965

Жолдың жайын жүрген біледі. Соңғы бес жылдықта Қызылорда қаласының инфрақұрылымдық әлеуеті жақсарып, жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Жол жөндеудің де өзіндік механизмі бар. Қызылорда қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2013-2020 жылдар ара­лығында шаһарда 840 шақырымды құрайтын 1177 көше ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуден өткен. Әріге бармай-ақ, соңғы екі жылдың бедерінде атқарылған жұмыстарға көз жүгіртсек.

2018  жыл.  Жол  жөндеу  жұмыстарына 2 031 131 мың теңге қаржы қаралған. Жүйелі жұмыстың қатарына енетін елді мекендердегі көшелерді түнгі жарықтандыруға қалалық бюджеттен (Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесін Тоқтыбаев көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін) 5 608,0 мың теңге қаржы бөлінген. Ал елді мекендерді абаттандыру мақсатында барлығы 21 935,0  мың теңге, оның  ішінде  «Жайна»  сауда­ үйінің  аумағында Қазыбек би көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған көпірді таза ұстауға 1 658,6 мың теңге, Абай даңғылы, «Бола­шақ» университеті аумағындағы жаяу жүргін­шілер көпірінің күтіміне 1 658,6 мың теңге, авто­вокзалға  кіреберіс  жолды  абаттандыруға 2 800,0 мың теңге жұмсалған. Қалаға қарасты көпқабатты үйлер ауласындығы бордюрлерді жөндеу және ауыстыру да ұмытылған жоқ. Бюджеттен қаралған 15 817,8 мың теңге осы бағыт­қа арналған. Көше тазалығы, жолдың жиегіндегі қажеттіліктерді ауыстыру – ретімен жасала беретін жұмыстар, ал қауіпсіздік мәселесі кезек күтпесі анық. Қауырттығын ескере отырып, елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына 86 134 мың теңге бөлінді. Оның 30 324 мың теңгесі бағдаршам мен қосымша жол белгілерін орнатуға жұмсалды. Ал 55810 мың теңгесі оларды күтіп-ұстау мен  жолүсті  таңбаларын  сызуға  арналған.

Қала орталығынан бастау алатын Қорқыт ата көшесінің жай-күйі сол жолдың бойымен күнде жүретіндерге таныс. Арагідік «секіртіп» тұратын ойықтары, жолдың тарлығы, көлік кептелісінің көптігі қала тұрғындарын шаршатып жіберген еді. Қазір бұл көшенің бойы Қазыбек би көшесі­нен бастап Жезқазған трассасына дейін толықтай өзгерді. Көшенің ұзындығы – 5,8 шақы­рым, ені жөндеу жұмыстары нәтижесінде кеңейіп, бағдаршам орнатылған тұстарының кей қиы­лыстарына қосымша бұрылыс жасалып, жауын-шашын күндері суға толы көлшіктер пайда болмас­ үшін суағар орнатылды. Осы жұмыстардың барлығына 1 426 365 мың теңге жұмсалды.

2019 жыл. Қызылорда қаласының инженер­лік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыт­у бағытында оңтайлы істер атқарылды. Әсіресе бесжылдық бедерінде бұл мәселенің күрмеуі шешіліп, түйіні тарқап келе жатқаны анық байқалды. 2014 жылдан бері қарай облыс орталығының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыпқа келтіріп, жаңартуға республикалық, облыстық, қалалық бюджеттерден 27 млрд теңге қаражат бөлінген. Жол жөндеу жұмыстары ең ауқымды жобалардың біріне айналып, қала көлемінде жалпы ұзындығы 75,4 шақырымды құрайтын 176 көше күр­делі, орташа, қайта жаңғыртудан өтті. Қалаға қарасты елді мекендердің жолдары да ретке келтірілді. Сондай-ақ, қала орталығындағы жаңа көпірден бастап «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолына дейінгі аралықты жал­ғайтын және Сырдария өзенін жағалай орналасатын 2 магистралды көшенің құрылыс жұмыс­тары жүргізілді. Жалпы, соңғы жылдары Қызыл­орда қаласының жол құрылысын дамытуға­ 25 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалып, 600 шақырымнан астам жолдар орташа, күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан өтті. Қаланы «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету жұмыстары да жоғары қарқынмен жүргізілуде. Магистральды жылу желілерінің 60 пайыздан астамы қайта жаңартылған. Мәселен, қалаға қарасты 2 кент, 7 ауылдық округ болса, 2015 жылы Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округі, 2016 жылы Талсуат ауылдық округі, 2017 жылы Белкөл кенті газға қол жеткіз­ген. Биылғы жылы Қарауылтөбе ауылдық округ­і газдандыру жұмыстарын бастады. Осылайша қалаға қарасты елді мекендерді газдандыру мақ­саты­ндағы ауқымды жобалар кезең-кезеңімен атқарылғанына халық куә. Бүгінгі күні қаланың газдандыру көрсеткіші 95 пайызға жеткен.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, 2019 жылға Қызылорда қаласының көшелерін жөңдеуге облыстық және қалалық бюджеттен 611 млн теңге бөлінді. Осы бөлінген қаражатқа ағымдағы және орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқан­да, Ақмаржан 14, Есет батыр, Әл Фараби 14, Нұрекешов, Мақұлбеков, Сәдуақасов, Жамбыл, Сырдария, Махамбетов, Қорқыт ата тұйығы, Махамбетов тұйығы, Есенберлин, Асфен­дияров тұйығы, Арай 15 көшелері жөн­деліп, толық  пайдалануға  берілді. Ал Ақмаржан 35, Махамбетов тұйығы (Руханият), С.Есова,­ Құлтекенов тұйығы, Яссауи тұйығы, Алпамыс көшесі, Гагарин тұйығы, Тұран, Абдол­лаев, Алты Алаш, Асфендияров көшелеріне  орташа жөндеу жұмыстарына және С.Бейбарыс көшесінен «Қызылжарма» каналы – Назар­баев даңғылына дейін магистарльды жол құрылысын салуға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, 2020 жылы жүзеге асуға бағытталды­. Бұдан бөлек, 2018 жылы басталған жол жөндеу жұмыстарының бір­қатарын аяқтау­ға өткен жылы облыстық бюджеттен 156,5 млн теңге бөлінді. Атап айтқанда, А.Тоқмағанбетов көшесін, Қазыбек би көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін және қалаға қарасты Қызыл­өзек, Қараөзек, Иіркөл елді мекен­деріне  кіреберіс жолдарын орташа жөн­деу жүргізіліп, қазіргі  таңда  атал­ған­  жұмыстар  толығымен  аяқталды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағындағы жол жөндеу жұмыстарын қажет ететін 322 көшеге 2019-2021 жылдарға арналған­ жоспар әзірленді. Осыған орай, 2019 жылға Саяха­т және Әл-Фараби мөлтек аудандарындағы  ұзындығы  28,4  шақырымды  құрайтын  50 көшеге тасжол төсеу жұмыстарын жүргізу үшін 400 млн теңге бөлінді. Қала көшелерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаралған 91,3 млн теңгенің 15 млн теңгесі бағдаршамдарды күтіп-ұстауға, 14,8 млн теңгесі жол белгілерін орнатуға, 4,7 млн теңгесі жол белгілерін күтіп-ұстауға, 3,8 млн теңгесі жасан­ды  тегіс  емес қондырғысын орнатуға, 52,9 млн теңгесі жол таңбаларын сызуға бағытталған. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қала аумағындағы көшелерге ақылды жаяу жүр­гінші өткелдерін орнатуға 17 млн теңге және автобус аялдамаларына электрондық ақпа­раттық тақтайшалар орнатуға 21,7 млн теңге қаржы  бөлінді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында Арай 15 (Текей батыр) көше­сіне Әбдіреев көшесінен Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылына дейін жаяу жүргіншілер жолын салуғ­а қалалық бюджеттен 27 млн теңге бөлініп және мектепке баратын 6 көшеге (Амангелді, Көшербаев, Қасым хан, Б.Нұрпейсов, М.Көкенов, Б.Баймаханов)  жаяу  жүргіншілер  жолын салуға­ жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін қалалық­ бюджеттен 5 млн теңге бөлінген.  Ал, «Саяхат» және «Сәулет» мөлтек ауданы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, аталған аудандардағы ыза судың сал­дарынан қалыптасқан көлшіктерді көму үшін облыстық бюджеттен 85,7 млн теңге қаржы қаралған. Қызылорда қаласының түнгі жарық шамдарын күтіп-ұстау және қызмет көрсету, пайдаланылатын электр энергиясына қаралған қаржы 504,4 млн теңгені құрады. Бүгінгі күнге пайдаланылған электр энергиясына 205,2 млн теңге, күтіп-ұстау, қызмет көрсету жұмыс­тарына бағытталған 156 млн теңге толығымен өз мақсаттарына  игерілді.

Одан өзге қалаға қарасты елді мекендердің жолдары да ретке келтірілуде. Қала орталығындағы жаңа көпірден бастап «Батыс Еуропа – Батыс­ Қытай» автожолына дейінгі аралықты жалғайтын және Сырдария өзенін жағалай орналаса­тын 2 магистралды көшенің құрылыс жұмыстары  жүргізілді.

2020 жыл. Қызылорда қаласының жол инфра­құрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 5841656,7 мың, облыстық бюд­жеттен 1689792,7 мың, қалалық бюджеттен 1585827,9 мың теңге бөлініп, әртүрлі шақы­рым­дағы  413 көшеге ағымдағы, орташа және күр­делі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі басы­м­дық  қаланың  шет аймақтарындағы  және ауыл­дар­дағы  жол мәселесін шешуге бағыт­талды.

Жалпы, Қызылорда облысы аумағында авто­мобиль  жолдарының  жалпы  ұзындығы – 3  мың 398 км. Оның 1 мың 16 км – республика­лық, 557 км – облыстық, 1825 км – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. 2020 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамытуға 20 млрд 289 млн теңге бөлін­ген. Осы қаражатқа ұзындығы 498,2 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспар­ланған. Жол желісін дамытуға 4 мемлекеттік бағдарлама арқылы қаражат бөлініп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген 6 млрд 223,3 млн теңге қаржыға облыстық және аудандық маңызы бар ұзындығы 147 км автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. «Өңірлерді  дамыту»  бағдарламасы  бойынша­ 1 млрд 189,0 млн теңгеге қаладағы С.Бейбарыс көшесінен  Қызылжарма каналына­ дейінгі  көше құрылысы жүргізілмек. «Ауыл – ел бесігі» бағдар­ламасы бойынша 1 957,6 млн теңге қаржы қарастырылып, бүгінде ол қаржының 48%-ы игерілген. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарла­масымен 8 626,1 млн теңге бөлініп, жоспарланған  жұмыстың  81%-ы  жүзе­ге­  асқан.

Жыл сайын қала аумағындағы елді мекендер­ мен орталық көшелердің асфальті қалыпты сақталу­ы үшін тұрақты қадағаланып отырады. Инфрақұ­рылымдық жағдайды жақсарту үшін мемлекет тарапынан бөлінген қаражат халық игілігі мен жол сапасын арттыруға жұмсалуда. Нәтижелі жұмыстардың жалғасы келер жылы да өз жалғасын табады. Ал жол жөнделсе, жүріс өнеді.

Халық-хабар

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: