Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жетер енді!»

19.06.2020, 9:30 538

HALYQLINE.KZ

Әкежан Қажыгелдиннің отандастарына арнаған орыс тіліндегі хатынан қысқа аударма:

***

«Отандастар! Мен 06/06/2020 күнгі митингілерге шыққандарды құттықтаймын! Митингілер талабы Тоқаевтың бір жылда не істеп, не қойып жүргенін түсінбейтінін көрсетті. Тоқаев шетелге 200 миллиард долларды тыққыштағандарды қолдаған Ахметжан Есімов, Болат Өтемұратов, Қайрат Келімбетов тақылеттілерді төңірегіне жинап алды.

***

Келешек министрлердің ішінде Назарбаевтың немерелері, күйеу балаларының бірі де болмайды, болдырмаймыз. Базарда арба итеріп жүрген жастарымыз ең озық орындарында жұмыс істейтін болады. Шетелдің жұмыс күшін алмайтын боламыз, алсақ, қолдарына күрек ұстатып қара жұмыстарға саламыз. Инженерлік кадрлар да өздерімізден болады.

***

Шетелдің мұнай-газ, құрылыс компанияларында, ұлттық қорларда, мемлекеттік компанияларда істейтін отандастар! Сенімді таныстарыңыз арқылы, Мемлекеттік емес ұйымдарға (НПО) және Демократиялық партияға, сол компаниялардың құқықтарыңызды бұзған және экономикалық қылмыстарын әшкерелейтін дәйектерді жіберіп отырыңыздар. 200 миллиард доллар халық нәпақасының шетелге тығылған есеп-шоттарын табуға, олардың аты-жөндерін анықтауға ат салысыңыздар!

Келесі сайлауға өз кандидаттарыңызды өткізуге тырысыңыздар, солай болғанда ғана жемқорлардың, басқа да қылмыскерлердің істерін парламентте тексерілуіне жол ашылады, 200 миллиард доллар елге қайтарылады.

***

Қазіргі ұятсыз, арсыз депутаттардың кесірінен билік органдары халыққа қызмет етуден қалды. Халқымыздың бай-бақуатты шалқып өмір сүруіне жерасты байлықтарымыз жетеді (репосшы: Алла тағала, қазақ халқының ниеті түзулігін ескеріп, игілігін көрсін деп, жерасты байлықтарын уысына толтырып қазақтың байтақ даласына шашып жіберген шығар). Айтқанымыздың дәлелді болуы үшін екі мемлекетті салыстырайық: Қазақстан мен Норвегияны: Біздің елімізде 19 миллион халық тұрады. 19 облысымыз бар. Норвегияда 5 миллион халық 11 облыста тұрады. Оларда да – мұнай, бізде де – мұнай бар. Олардың ІЖӨ (ішкі жалпы өнімдері) бізден 10 есе көп және халқы бізден 10 есе бай-бақуатты тұрады. Неге? Себебі біздегі билік органдары мен депутаттарымыз халыққа қызмет етпейді.

***

Талдықорған, Семей, Торғай, Көкшетау сияқты тарихи ерекшеліктері бар облыстарды қайта қалпына келтіру керек. Саяси сахнаға сол аймақтардан жаңа тұлғалар келіп, өз жерлестерінің мүддесін парламентте, мәжілістерде қорғайтын болады.

***

Халық Ассамблеясын тарату керек (репосшы: Қазаққа қызмет етпейтін Ассамблея).

***

Парламент бір палаталы болсын, депутаттары 180-нен кем болмасын. Олар бір мандатты округтерден, партиялардың тізімінсіз сайлансын.

***

Тоқаевтың алдында таңдауға, әрі келешегін ойлауға екі жол тұр. Бірінші жолы, халық жағына шығып, саяси-экономикалық реформалар жүргізеді. Екінші жолы, жасамаса, онда халық өз кандидатын ұсынады. Және, қарғыс атқан жемқор биліктің басындағылармен қосылып Минскіге, не басқа елдерге асып кетуіне тура келеді».

«Дат» газеті, 11/06/2020 жыл

Болат Жүгіністің фейсбуктегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: