Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жас Алаш» биліктің қолына өтті ме?

24.02.2020, 14:34 639

Республикалық «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Инга Иманбай қызметінен кетті. Бұл туралы Инганың өзі Facebook парақшасында хабарлады. 

Иманбайдың жазуынша, газет басшылығынан кетуіне оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың әйелі болғаны себеп. 

– Өздеріңізге белгілі, осыдан бір жарым ай бұрын мен «Жас Алаш» газетінің бас редакторы болып тағайындалдым. Біз бірден редакциялық саясатты өзгертіп, Назарбаев пен оның отбасы туралы өткір материалдарды басып шығара бастадық. Осыған және Жанболат Мамайдың жұбайы екендігіме байланысты билік тарапынан  газет құрылтайшысы Алтынбек Сәрсенбайұлының отбасына қысым жасала бастады. Бейсенбі күні мен Алтынбек ағаның жұбайы Салтанат Атушевамен және немере інісі Нұрлан Сәрсенбаймен сөйлестім. Олар маған Сәрсенбаевтар отбасының жақын туысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, егер мені бас редактор қызметінен кетірмесе, оның қамалатынын айтты.  Атушеваның алдында екі таңдау тұрды: мені жұмыстан босату немесе туысының тұтқындалғанын күту. Бейсенбі күні оларға бір ведомствоның генералдары келіп, мені сол күні жұмыстан босатпаған жағдайда туысын тұтқындайтынын айтып қорқытты. Әрине, Салтанат Атушева туысының еркіндігін таңдады. Генералдар оларға Инга Иманбай Мамайдың жұбайы болғандықтан, газеттің редакторы болмауы керек деген талап қойған. Жанболат газетке қатысы жоқ деген барлық дәлелдер қабылданбады. Талап: мені жұмыстан шығару. Және міндетті түрде 22 ақпан алдында, – деп жазды ол. 

Инга Иманбай өзін редакторлық қызметтен босатқан газет құрылтайшыларына өкпесі жоқ екенін жеткізді.

– Салтанат Атушеваға ешқандай айып таға алмаймын. Ол мені газетте басшылық қызметте қалдырудың барлық амалын жасады. Бірақ билік оған күшті қысым көрсетті және оны осылай жасауға мәжбүр етті. Енді «Жас Алаш» биліктің бақылауына толығымен көшетінін айта кету керек, – деді Иманбай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: