Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ысқақов Нәлібаевты неге тұрғызды?

20.02.2020, 12:12 608

Кеше ғана облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ел алдында есеп берді. Екі сағатқа созылған есепті кездесу соңында­ қатысушылар мен халықтың Call-орталық арқы­лы қойған сауалдарына жауап берілді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, жер мәселесі, ауыл шаруашылығы, денсаулық, кәсіпкерлік салаларына қатысты барлығы 200-ден астам сұрақтар келіп түсті. Олардың ішіндегі қалаға қатысты проб­лемаларды шешуді қала әкімі Н.Нәлібаевқа тапсырды.

Жедел түрде шешілгелі тұрған мәселелер де жеткілікті. Оның барлығын тізе беру де мүмкін емес. Нақтысын айтар болсақ, қаладағы 10 колледжде жатақхана мәселесі бар. Мәселен, ата-ана тарапынан түскен сауал – М.Ықсанов атындағы колледждің студенттеріне арналған үйінің жоқтығы. Облыс әкімі аталмыш оқу орнын­а Сұлтан Бейбарыс көшесінен 200 орындық жатақхана қыркүйек айына дейін пайдалануға берілетінін жеткізді. Ел президентінің назары­на іліккен Сексеуіл кентіндегі оқушылардың сабаққа қатынау мәселесі «Егемен Қазақстан» газетінде «Теміржолды жағалап топ бала жүр» тақырыбымен жарық көрген еді.

— Бұл мәселе бойынша жұмыстар пысықталды. Қазір жоба-сметалық құжат бойынша мектептің құны 800 млн теңгені құрап отыр. Мектеп­ түске дейін 300, түстен кейін де 300 оқушы қабылдайтын болады. Біз жақын арада республикалық бюджеттен қаржы алып, құрылысты бастаймыз, — деді аймақ басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: