«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 429.51 (+1.16)

  • EUR: 502.14 (+2.73)

  • RUB: 5.42 (-0.02)

Үйірмелер саны 1000-ға жеткізілмек

16.09.2020, 12:20 54 0

HALYQLINE.KZ Облыстағы мәдениет үйлерінің жанындағы үйірмелер саны 1000-ға жеткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінің ақпараттық алаңында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.

«Президент Жолдауда өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігін айтып, «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалыпқа келтірудің маңыздылығын қозғады. Осы ретте мәдениет ұйымдарындағы балалар үйірмелерінің жұмысы жаңа жобалармен толығады. Мәселен, балалар драмасы, қолөнер, ақындыққа баулу секілді жаңа үйірмелер ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша балалардың шығармашылығын жастайынан шыңдайтын боламыз», – деді Серік Әбжәліұлы.

Жалпы, облыста 173 мәдениет үйінде 854 үйірме бар. Жолдау аясында алдағы жылы үйірме саны 1000-ға, қатысушылар 11 500-ге жеткізілмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: