Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев кеңейтілген отырыс өткізеді

12.01.2021, 12:50 327

HALYQLINE.KZ

Қаңтар айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтеді. Бұл туралы үкіметтің онлайн отырысында сөз болды.

 Үкіметтің бүгінгі отырысында елдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы талқыланды. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарыстың айтарлықтай әсеріне қарамастан Қазақстан экономикасы тұрақтылығын көрсеткенін айтты. Оның айтуынша, нақты сектордың, оның ішінде өңдеу, құрылыс және ауылшаруашылығының негізгі секторларының өсуі экономика тұрақтылығыны басты факторына айналған.

Үкімет басшысы экономикадағы тұрақтылықтың арқасында жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін ұстап тұруға мүмкіндік болғанын, соның арқасында халықтың табысы айтарлықтай төмендемегенін атап өтті. Сонымен бірге премьер-министр елдегі эпидемиологиялық ахуалдың бақылауда екенін айтты. Осыған байланысты қызмет көрсету секторы біртіндеп қалпына келе бастаған.

 – Өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және биылғы міндеттер қаңтар айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында егжей-тегжейлі қарастырылатын болады, – дейді Мамин.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: