Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Уәлихан Ибраев – «Рухани жаңғыру» орталығының директоры

01.07.2020, 12:50 993

HALYQLINE.KZ «Сыр медиа» ЖШС құрамындағы облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры болып Уәлихан Ибраев тағайындалды. Бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова серіктестік ұжымына орталықтың жаңа басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Ибраев Уәлихан Серікұлы 1981 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қызылорда қаласындағы №187 Мұстафа Шоқай атындағы қазақ орта мектебін бітірген.

1998-2002 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі» мамандығын үздік дипломмен аяқтаған.

2002-2003 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жалпы тарих» кафедрасында оқытушы болған.

2003-2006 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын оқыды.

2008 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстандағы отарлық жүйесі (Граф К.К.Паленнің сенаторлық тексеру комиссиясының материалдары негізінде)» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты атанды.

2007 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жалпы тарих» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы. Сол жылдан бастап «Тарих және қазақ филологиясы» факультетінде, 2009-2011 оқу жылдары Гуманитарлық-педагогикалық мамандықтар бойынша сырттай оқу факультетінде декан орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2013 жылдары университеттің «Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі» ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкері, 2013-2014 жылдары Тарих, құқық және экономика институты директорының оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.

2014 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Ғылыми сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 2015 жылдың 15 қыркүйегінен бастап «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры қызметін атқарып келді.

Айта кетейік, бұған дейін «Рухани жаңғыру» орталығының директоры болып келген Нұрлыбек Мыңжас денсаулығына байланысты қызметтен өз еркімен босатылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: