«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 427.91 (0.00)

  • EUR: 506.9 (0.00)

  • RUB: 5.6 (0.00)

Сұлтан Мақашов — Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы

29.09.2020, 17:00 236 0

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясының келісі негізінде облыс әкімінің өкімімен Мақашов Сұлтан Ысқақұлы Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Сұлтан Мақашов 1961 жылы туған, Қазақ химия-технологиялық институтын «Инженер-құрылысшы» және Қызылорда экономика, экология және құқық Академиялық университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатының слесарі ретінде бастаған.

1984-1994 жылдары №1604 жылжымалы механикаландырылған колоннада монтажник, №86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб және 2 азаматтық құрылыс мекемесінің бас инженері, бөлім бастығы;

1995-1996 жылдары Қазалы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі;

1996-2012 жылдары «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Қазалы филиалының директоры;

2012-2019 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қармақшы ауданының әкімі;

2019-2020 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі болып қызмет атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: