Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы тағайындалды

24.08.2020, 11:10 901

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Пакуатдин Сыражадинұлы 1983 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері», 2013 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетінің «Экономика саласын құқықтық реттеу», 2016 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазалы-Құрылыс» ЖШС геодозист болып бастаған.

2007-2008 жылдары. «Жер KZ» маманы;

2008-2010 жылдары Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы;

2010-2012 жылдары Қалалық жер қатынастары бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы;

2012-2017 жылдары Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;

2017 қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Тасбөгет кентінің әкімі қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: