Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

29.07.2020, 18:45 794

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Бағдат Данилов тағайындалды.

Ол алғашқы еңбек жолын Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы өрттен қорғау бөлімі №153 әскерилендірілген ӨСБ-де еңбек жолын бастаған.

Әр жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының Қызылорда қаласы №11 ӨСБ қарауыл бастығы, осы басқарманың Жалағаш ауданы №4 ӨСБ бастығының орынбасары, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы лицензиялау бөлімінің бастығы болды.

Қызылорда облыстық өртке қарсы қызмет департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімін басқарды.

Қызылорда облыстық ТЖД бастығының орынбасары, Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары, Жамбыл облыстық ТЖД бастығы қызметтерін абыроймен атқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: