Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы тағайындалды

03.07.2020, 22:05 2408

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 2 шілдеден бастап Тобажанов Ғабит Рүстемұлы қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Ғабит Рүстемұлы 1978 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Жоғарғы білімді заңгер.
1999 жылы ОҚО, Халықаралық Қазақ-Түрік универсиетін тамамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Шиелі ауданының прокурор көмекшісі қызметінен бастаған.

2001-2006 жылдары Шиелі ауданының прокуратурасында аға көмекші;

2006-2008 жылдары Қызылорда қалалық прокуратурасында аға көмекші;

2008 жылы Қызылорда облыстық прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының, мемлекеттік органдар қызметін қадағалау басқармасының прокуроры қызметтерін атқарған.

2008-2014 жылдары Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары, Қызылорда облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, облыс прокурорының табиғатты қорғау заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі, облыс прокурорының атқарушылық өндіріс заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі;

2015-2017 жылдары Қызылорда облыстық прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы;

2017 жылдың шілде айынан осы кезге дейін ҚР АШМ АӨК МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы, кадр ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімнің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: