Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

15.06.2020, 16:40 768

 HALYQLINE.KZ

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Төрешова Ләйлә Бегалықызы тағайындалды.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының актив отырысы өтті. Активте «Nur Otan»партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен және облыстық партия филиалы Саяси кеңес Бюросының келісімімен «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Төрешова Ләйлә Бегалықызы тағайындалды.
2019 жылдың 17 сәуірінен бастап «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін Ақмарал Әлназарова атқарып келді.

«Қазіргі таңда Ақмарал Шәріпбайқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткер ретінде қатысуына байланысты қызметінен өз еркімен босатылды»,-деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова

Өңір басшысы Ақмарал Әлназарованың жұмысына сәттілік тілеп, облыстық партия филиалы төрағасының Алғыс хатын табыстады.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ләйлә Төрешованың еңбек жолына тоқталып өтті. Сонымен қатар, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

«Ләйлә Бегалықызы еңбек жолын аудандық мектепте мұғалімдіктен бастап, мемлекеттік қызметте мол тәжірибеден өткен. Ішкі саясат саласында саяси партиялармен, Үкіметтік емес ұйымдармен,Қоғамдық кеңеспен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, этно-мәдени бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіп, азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуына зор үлесін қосты»,- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Ләйлә Бегалықызы осы кезге дейін облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

#Тағайындау #Nur Otan

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: