Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

09.06.2020, 21:10 805

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы әкімінің 2020 жылдың 5 маусымдағы №50 өкімімен Қызылорда облысының қаржы басқармасы басшысының лауазымына Шаврова Елена Николаевна тағайындалды.

Шаврова Елена Николаевна 1971 жылы 9 шілдеде Қызылорда қаласында туған. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «экономист» мамандығы бойынша білім алған.

− 1993-1994 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімінде экономист;

− 1994-1996 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімінде жетекші экономист, бас маман;

− 1996-1998 жылдары бюджет бөлімінің сектор меңгерушісі;

− 1998-2000 жылдары бюджет бөлімінің бастығының орынбасары;

− 2000-2005 жылдары бюджет бөлімінің бастығы;

− 2005-2007 жылдары Қызылорда облысының қаржы департаментінің бюджетті үйлестіру, жиынтық және талдау бөлімінің бастығы;

− 2008-2013 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының бюджетті үйлестіру, жиынтық және талдау бөлімінің бастығы;

− 2013 жылдан бастап Қызылорда облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: