«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Есмаханов жаңа қызметке тағайындалды

18.06.2020, 11:50 1333 0

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласы әкімінің 2020 жылғы  17 маусымдағы №117 өкімімен Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Алмасбек Әбілқасымұлы 1982 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді: Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі, Қызылорда гуманитарлық университеті, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университеті, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік Басқару академиясының, мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі және АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының ДЮК университетінде мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім алған. Саясаттану ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің штаттан тыс маманы қызметінен бастаған.

2006-2007 жж. Қызылорда қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы;

2007 жылы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің жетекші маманы;

2007-2008 жж. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қызмет бөлімінің бас маманы;

2008-2009 жж. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы;

2009-2010 жж. Қала әкімі аппаратынынң ұйымдастыру жән кадр жұмыстары бөлімінің бас инспекторы;

2010 жылы Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары;

2010 жылы Қала әкімі аппаратынынң ұйымдастыру жән кадр жұмыстары бөлімінің бастығы;

2010-2012 жж. Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімінің бастығы;

2012-2013 жж. Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі;

2013 жылы Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы;

2013-2014 жж. Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі;

2014-2015 жж. Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы;

2015 жылы Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы;

2015-2018 жж. Шиелі ауданы әкімінің орынбасары;

2018-2019 жж. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы;

2019 жж. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

2019 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: