«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.69 (0)

  • EUR: 510.89 (0)

  • RUB: 5.63 (0)

Департамент басшысы тағайындалды

08.01.2021, 16:25 234 0

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының м.а. бұйрығымен Жанабергенова Динара Олжабайқызы Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Д. Жанабергенова 1979 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жалағаш аудандық СЭС-ның еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігері болып бастаған.

2005-2010 жылдары Жалағаш аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында Эпидқадағалау бөлімінің бастығы;

2010-2012 жылдары Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Тағам нысандарын сангигқадағалау бөлімінің бас маманы;

2012-2017 жылдары Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы;

2017-2020 жылдары Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Тамақтану объектілеріндегі инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: