Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бағдат Мусин министр болды

02.09.2020, 11:00 407

HALYQLINE.KZ Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

«Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.  

2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: