Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әзиз Батырбеков – «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы

16.09.2020, 10:40 1156

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті бас редакторы болып Батырбеков Әзиз Жұмаділдаұлы тағайындалды.

Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы 1983 жылғы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.

Астана қаласындағы Қазақстан – Ресей университетін филология мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда гуманитарлық заң колледжінде оқытушы болып бастаған.

2007-2009 жылдары Шиелі ауданындағы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында мұғалім;

2009-2010 жылдары Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінде факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Мемлекеттік тілді дамыту және аударма» бөлімінің бастығы;

2012-2017 жылдары Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі;

Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» және облыстық «Сыр бойы» газеттерінде тілші болып қызмет атқарған.

2018 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы болған. 2018 жылдың 7 қыркүйегінен осы уақытқа дейін дейін аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы лауазымын абыроймен атқарып келді.

Әзиз Жұмаділдаұлы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері мен очерктері және ғылыми-танымдық мақалалары бірнеше жинақтар мен кітаптарға енген. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: