Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

А.Есжанов – қала әкімінің орынбасары

05.06.2020, 21:40 2239

Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 5 маусымнан бастап Есжанов Асқарбек Темірбекұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Асқарбек Темірбекұлы 1978 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «тарих және құқық пәнінің мұғалімі», 2004 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда экология және құқық колледжінің оқытушысы қызметінен бастап, 2001 жылы колледж директорының орынбасары, 2002-2007 жылдар аралығында облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық білім беру департаментінде және сот орындарында жауапты қызметтер атқарған.

2007-2019 жылдар аралығында облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы, қала әкімінің аппарат басшысы, қалалық білім бөлімінің басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы қызмет сатыларынан өткен.

2019 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: