Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірі 68 тонна гуманитарлық көмек көрсетті

10.05.2020, 18:55 561

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысы әкімдігің бастамасымен, облыстық жастар саясаты басқармасы жанынан құрылған волонтёрлар штабының ұйымдастыруымен 4 мамыр күні су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында облыстық штаб құрылды.
Облыс әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен ерікті жастар атсалысып, 6 және 9 мамыр күндері «СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК» ұранымен Түркістан облысына гуманитарлық көмек жеткізілген болатын.


Бұл жұмыстар жалғасын тауып, Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға Сыр өңірінен гуманитарлық көмектің 3-ші кезеңі жолға шықты.
Қармақшы, Сырдария аудандары және Байқоңыр қаласынан 13 автокөлікпен барлығы 24 тонна азық-түлік,
2 тонна жем, 2 тонна киім-кешек, 1 тонна тұрмыстық заттар және 1 бас жылқы, 1 бас сиыр малы жіберілді.


Жалпы, 6 мамырдан бастап Сыр жұртшылығы Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.
Біз Мақтааралмен біргеміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: