Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шымкент әкімі су басқан елді мекенге барды

14.05.2020, 13:05 667

HALYQLINE.KZ Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елді мекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.

Мамандардың пікіріне сүйеніп алдағы үш күнде толассыз жауын-шашынның болатынын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілуін қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Сонымен қатар, әкім жауыннан келетін қауіпті алдын ала болжай алмаған жауапты лауазымды азаматтарға тиісті шара қолданылатынын мәлім етті.

14.05.2020 жылы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша аталған елдімекекенде жауын-шашын салдарынан 60 аула учаскесі мен 60 шаруашылық құрылыстарын (су деңгейі 20-50 см) су басты, оның ішінде 24 тұрғын үйді су басқан, 5 шаруашылық нысан қираған. Онда қазір қала әкімінің тапсырмасымен ТЖ салдарын жою бойынша ТЖД жедел штабы құрылған. ТЖД, сондай-ақ №6506 ә/б күшімен (қазіргі уақытта 7000 м3 су сорылды) каналдарды тазалау, тереңдету және арнаны түзету жұмыстары жүргізілді. Су басу аймағынан 300 адам (124 бала) эвакуацияланды, оның ішінде 294 адам туысқандарына және 6 адам №119 ОМ базасында эвакуациялық пунктке орналастырылды. Оқиға орнында 4 қосалқы эвакуациялық пункт дайындалды (№ 97, 105, 120, 126 ОМ).

Сондай-ақ ТЖД (133 қызметкер, 10 бірлік техника және 19 мотопомпа), ЖАО (46 қызметкер, 31 бірлік техника), 6506 әскери бөлімі (100 қызметкер, 4 бірлік техника) жұмылдырылды.

Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда. Аула учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізілуде.

Мәлімет пен фото Дастан Башировтың

ФБ парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: