Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Серік Жүсіпұлы – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

06.04.2020, 11:14 972

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Сүлейменов Серік Жүсіпұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Серік Жүсіпұлы 1966 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Математика» және «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде және квазимемлекеттік секторларда жауапты басшылық қызметтерін атқарған.

Соңғы жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2019 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.

Серік Жүсіпұлы мінсіз мемлекеттік қызметі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Облыс әкімінің орынбасары ретінде Серік Жүсіпұлы құрылыс, энергетика, тұрғын үй және көліктік инфрақұрылымды дамыту салаларына жетекшілік ететін болады.

Пікірлер:
  • Облыс әкімінің орынбасары қызметіне Серік Жүсіпұлы тағайындалғаны өте орынды жоғары қызметтерде жұмыс атқарған ысылған маманның елдің өркендеуіне үлес қосады деп ойлаймын.Үлкен абыройға бөленіп халықтың құрметіне бөленсін.Сыр елінің экономикасын өркендетуге үлес қосып даму барысында адал қызмет етсін қызмет құтты болсын!

Үміт Қосекеева үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: