Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Серік Әбжәліұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

06.04.2020, 11:08 1178

HALYQLINE.KZ –| Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Ахмет Серік Әбжәліұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Серік Әбжәліұлы 1961 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы Жезқазған облысындағы «Октябрдің 40 жылдығы» атындағы кеңшардың қарапайым жұмысшысы ретінде бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Мемлекеттік хатшы хатшылығының меңгерушісі және Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Бүгінгі күнге дейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Серік Әбжәліұлы мінсіз мемлекеттік қызметі үшін «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Облыс әкімінің орынбасары ретінде Серік Әбжәліұлы аймақтың ішкі саясат, жастар мәселесі, мәдениет пен спорт және жұмылдыру дайындығы салаларына жетекшілік жасап, облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыратын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: