Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рүстемов жолдың сапалы болғанын қалайды

10.06.2020, 11:20 735

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тереңөзек кентінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының басына барып, құрылысын көрді. Жолдардың жай-күйімен танысып шыққан аудан әкімі салалық бөлім басшысына кент әкімімен бірге жұмыс барысын тұрақты бақылауды тапсыра келе, мердігер мекемеге жөндеу жұмыстарының өз кестесіне сай, белгіленген уақытта аяқталуын, жолдардың сапалы болуын жүктеді.

Жалпы, биыл аталған бағдарлама шеңберінде кенттің Д.Керейтбаев, Қазақ, Ғ.Мұратбаев, Қызылдихан, Б.Өтепов көшелері орташа жөндеуден өтеді. Жобаның жалпы құны 226,9 млн теңгені құраса, 56 жұмыс орнын құру жоспарланып, бүгінде 12 адам жұмыспен қамтылған.

Мұнан кейін «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде А.Тоқмағамбетов ауылдық округінің кіреберіс жолына жүріп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын қарап шығып, мердігер мекеменің өкілі мен тиісті бөлім басшысына жол сапасына баса назар аударуды міндеттеді.

Сонымен қатар, аудан басшысы кенттің Б.Момышұлы көшесіне жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмысымен танысты. Бұл жобаға аудан бюджеті есебінен 40,6 млн теңге бөлінген. «Жол азабын жүрген біледі» дегендей, көп жылдардан бері бұл көшенің тұрғындары жауынды-шашынды күндері, көктем мен күз мезгілінде лай-батпаққа батып, әбден әуре-сарсаңға түсетін. Жоба толық жүзеге асқан кезде жол мәселесі толық шешімін тауып, көлік қатынасы жақсаратын болады. Сондай-ақ, жуырда пайдалануға берілген ойын алаңы да бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, көше көркі ажарлана түскен.

Мәлімет: Сырдария ауданының әкімдігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: