«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Рүстемов қызметтен кетті

03.09.2020, 11:30 364 0

HALYQLINE.KZ Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов қызметтен кетті. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында жазды.

– Сырдың қасиетті топырағында туып, осы өңірдің өркендеуіне еңбек етіп жүрген перзенттерінің бірі екендігім Өздеріңізге белгілі. Осы жолда елі ырысты, жері күрішті Сырдария ауданында 1 жылдан аса уақыт жұмыс атқардым.

Сырдария – тарихы терең, рухани құндылыққа бай шежірелі аудан. Алыптарға алтын бесік болған ауданда қызмет атқарған уақыт менің тәжірибемнің толысуына, ынтымағы жарасқан сырдариялықтармен нәтижелі жұмыс жасауыма септігін тигізді. Осы уақыт аралығында өзімді елмен бірге болдым деп санаймын. Сонымен бірге әркез өздеріңіздің қолдауларыңызды сезіндім. Аудан халқының қолдауы – осы қызметтегі жетістіктеріміздің бастауы болды. Сол үшін де бірлігі бекем, татулығы тұрақты аудан халқына ризашылығымды білдіремін.

Қызмет бабындағы қарбалас жұмыспен жүріп өздеріңізбен бірге бір жылдың өте шыққанын аңғармай қалыппын. Біздің қызметіміз – халыққа. Қасиетті дарияны жағалай орналасқан Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарыштай берсін! – деді ол.

Руслан Рүстемұлының жазуынша, Сырдария ауданының әкімі қызметіне Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Тұрсынұлы тағайындалған. Әзірге бұл ауыс-түйістер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Ал экс-әкімнің қандай қызметке барғаны белгісіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: