Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордадағы ауқымды жоба қайсы?

02.11.2020, 13:00 473

HALYQLINE.KZ  2017 жылы бекітілген Бас жоспарға сәйкес Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында жаңа қаланың құрылысы басталды.

Жалпы аумақтың 1532 гектары, оның 367 гектары демалыс аймақтарына, 537 гектары тұрғын үйге, 190 гектары сауда және кеңсе ғимараттарына, 270 гектары әлеуметтік инфрақұрылымға бөлінген. Бұл жаңа әрі жайлы әкімшілік орталық болады. 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй, оның 1 миллионы 2025 жылға дейін жобаның бірінші кезеңі аясында пайдалануға беріледі, соның арқасында 50 мың адам жаңа пәтермен қамтамасыз етіледі.

Жалпы, жоба соңына қарай 155 мыңнан астам қала тұрғыны баспаналы болады.Бұдан басқа, жоба бойынша 16 жаңа мектеп, 12 балабақша, 4 денсаулық сақтау мекемесі, оның ішінде 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік көпбейінді аурухана, отбасылық медицина орталығы, облыстық қан орталығы бар. Облыстық музыкалық-драма театры, неке сарайы және басқа да бірқатар әлеуметтік, мәдени және спорттық нысандар салынады.

Нысандардың қолжетімді болуы – заманауи қаланың инфрақұрылымын дамытудың міндетті алғышарты! Бүгінгі таңда Сырдария өзенінің сол жағалауында «Болашақ» университетінің бас ғимараты, IT-паркі бар жастар ресурстық орталығы, 320 орындық балабақша, 700 орындық жеке мектеп, 2234 пәтерлік 48 көпқабатты тұрғын үй салынды.

1925 жылы Қырғыз АССР-ін Қазақ АССР-і деп өзгерту туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару Комитеті ғимаратының сызбалары бойынша қайта жаңартылған ғимаратта бүгінде Рухани жаңғыру орталығы мен қалалық музей жұмыс істейді. Сол жағалауды игеру – Қызылорда облысындағы ең ауқымды жобалардың бірі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: