«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

Қызылордада залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр (Фото)

12.06.2020, 15:00 475 0

HALYQLINE.KZ Еліміздегі карантин режимінің қатаңдауына байланысты қаламызды инфекциядан залалсыздандыру жұмыстары қайта жанданды. Инфекция таралуының алдын алу үшін №66597 әскери бөлімі мен арнайы мекемелер арқылы бекітілген қызметкерлер қарқынды жұмыс жүргізуде. Дезинфекциялаудың үшінші кезеңінде 500 мың шаршы метр аумақ залалсыздандырылды.

Қазіргі уақытта көп қабатты үйлердің аулалары, адамдар көп шоғырланатын жерлер, демалыс паркі, дүкендер мен сауда орындары және аялдамалар гипохлорид кальций ерітіндісі қосылған қоспамен залалсыздандырылуда.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған коронавирус індетіне қарсы күрестің оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Осыған дейін қала аумағында 6 миллионға жуық шаршы метр жерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ол үшін 28 арнайы техникамен 200-ге жуық қызметкер тартылды.

Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында облыс орталығында тағы 8 бірдей залалсыздандыру тоннелі орналастырылды. Олар үлкен сауда орындары мен №2 Мұрагер мектебінің ауласына, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың ғимараттары жанына және қалалық мәдени және демалыс паркіне қойылды. Қала тұрғындары карантиндік талаптарды қатаң сақтап, қорғаныс маскаларын киіп, өзара тиісті ара қашықтықты ұстап, адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармауларын сұраймыз.

фото: Бахтияр Алмусаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: