Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорданың өз «Дәрігерлер аллеясы» болады

14.09.2020, 20:27 561

HALYQLINE.KZ Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгінгі жұмыс күнінде шаһардағы абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарының атқарылу деңгейін де тексерді. Алдымен қала басшысы 35 гектар аумаққа орналасып, облыс орталағының келбетіне көрік қосқан «Қалалық денсаулық және демалыс саябағын» абаттандыру жұмыстарын көрді. «Бақ – Береке 2030» ЖШС жоспарға сай саябақта веложол, 6 спорттық ойын алаңы, аяқсу каналы, түнгі жарық шамдары мен орындық, қоқыс жәшіктерін орнатқан. Сонымен қатар, 20 717 көшет пен, 61 мыңға жуық гүл егіліп, 10 450 шаршы метр аумақ абаттандырылған.

Саябақты аралап көрген шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев мердігер жұмысын жоғары бағалап, жасыл желекті көбейту мақсатында қала тұрғындарын күзгі маусымда тал көшеттерін отырғызуға үндеу керектігін айтты.

Шаһар басшысы «Жұмыспен қамту жол картасына» сай атқарылған жұмыстарды да тексерді. Қазіргі таңда «Сыр Ана» монументін қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды. «Техноснаска – Ремсервис» ЖШС 3150 шаршы метр аумақты көгалдандырып, 348 дана ағаш көшетін, 7 900 шаршы метрге газон төсеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, 10 454 шаршы жерге жаяу жүргіншілер жолы мен 2 комплект спорттық-ойын алаңы, 2 су бұрқақ салынды.

С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін 4,6 шақырымды құрайтын магистральді жол құрылысы қарқынды жүруде. «Қыран» ЖШС жоба бойынша күре жол бойына 3 шақырымға жуық веложол мен жаяу жүргінші жолын, 3 автотұрақ, 4 аялдама орнатып, түнгі жарық шамдармен қамтиды. Қазіргі уақытта 1,7 шақырым жолға қиыршық тас төселіп, дамбы бойын таспен бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асқан жобаның бірі – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын абаттандыру жұмыстары. Сыр сүлейлері аллеясынан бастау алып Тасбөгет кентіне дейін жалғасатын ұзындығы 8 шақырымнан аса жол бойын көгалдандырып, 4 субұрқақ пен тротуар салуды «Асанас – Дар» ЖШС жауапкершілікке алған. Мердігер жоба аясында 180 адамды жұмыспен қамтыған. Қала әкімі аралау барысында Облыстық көпбейінді аурухана маңына аялдап, абаттандыру жұмыстарының қарқынын көріп, бұл аумаққа «Дәрігерлер аллеясы» атауы берілетінін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: