Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Соңғы тәулікте вирус жұқтырғандар тіркелген жоқ

13.05.2020, 10:33 392

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны – 231. Соңғы тәулікте жаңа жағдай тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Қазіргі таңда індет жұқтырғандармен байланыста 3270 адам болған. Оның ішінде, 1798-і – жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған. Жағдайы бірқалыпты, емін жалғастыруда», – деді бас дәрігер.

Сонымен қатар, індеттен айыққандардың саны 172-ге жетті. Өткен тәулікте 11 адам емделіп шықты. Құрметті облыс тұрғындары, карантин талаптары жеңілдесе де , санитарлық шараларды сақтаңыздар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: