Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда коронавируспен қалай күреседі?

09.07.2020, 10:30 353

Жаңа жұмыс аптасы бастал­ғанда Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақ­тағы эпидемиоло­гиялық жағдайға байланысты онлайн брифинг­ өткізді. Бірқатар бұқа­ралық ақпара­т құралдарындағы мәліметтерге сүйенсек, өңір басшыс­ының біршама мәселеге­ арнайы тоқталғанын байқауға болады.­

3  АЙҒА  ЖЕТЕТІН  ДӘРІ 1  АПТАДА  САТЫЛҒАН

Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес коронавирус індетімен күресу үшін инфекция­лық және провизорлық төсек-орындары­ көбейтілуде. Өңірімізде инфекциялық стационарда – 515, провизорлық стационарда 1730 төсек-орны болса, қазіргі таңда облыстық­ фтизиопульмонология орталығы базасын­да қосымша 120 орынға инфекциялық және Шалқия елді мекенінде 30 орындық провизор­лық  стационар  ашу жұмыстары жүзеге­  асырылуда.

Сонымен қатар, жасанды өкпені желдету аппараты мен оттегінің жетіспеушілігі мәселесі де шешімін табуда. Облыстық көпбейінді аурухана­ жанынан оттегі өндіретін цех салу жұмыстары қолға алынып, облыстық бюджеттен 80 млн теңге қаржы бөлінді. Өңірдегі 76 жасанды өкпені желдету аппаратына маусым айында­ 20 портативті аппараты алынып, қосымша 63-іне тағы да өтінім берілген. Одан бөлек, осы аппараттарды алуға жергілікті кәсіпкерлер  қолдау  білдіруде.

Бүгінгі күні өзекті болып тұрған дәрі-дәрмектің тапшылығы, бағасының тұрақтылығы да – облыс басшыларының басты назарында. Аймақта 3 айға жеткілікті дәрілер 1 аптада өтіп кетіп, қажетті ем алушыларға жетіспеушілік туындады. Дәріханалармен дәрілік заттарға  күнделікті  қажеттілікке  және  халықтың  сұранысына  қарай  тапсырыс  берілуде. Ал, облыс­тық медициналық стационарларға «СК-Фармация» тарапынан 45 күнге жетерлік дәрі-дәрмек  қоры  жасақталған.

«DARI.KZ» – дәрілердің  бағасын 

білетін  қосымша

Осы күні бас санитарлық дәрігердің қаулысын­а сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп мониторингтік топ құрылды. Сондай-ақ, қала, аудан әкімдіктері және «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанынан құрылған арнайы мониторингтік топтар дәрі-дәрмек бағасы мен көлеміне қатаң бақылау жұмыстарын жүргізетін болады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 7 452 дәрілік заттың­ атауы тіркелген. Денсаулық сақтау министр­інің бұйрығымен 6191 дәрілік заттың атауына шекті бөлшек сауда бағалары белгі­ленген. Жалпы дәрі-дәрмектің шекті бөлшек бағалары туралы толық ақпаратты «DARI.KZ» қосымшасынан  көруге  болады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінушілер саны артуда­. Осы орайда, облыс бойынша 81 жедел жәрдем қызмет көрсету бригадаларында 52 дәрігер мен 351 фельдшер жұмыс істейді. Тәуліг­іне 2 мыңға жуық шақыртулар орын­далуда. Жүктеме 2 есеге өсіп, диспетчерлер мен қызметкерлердің жетіспеушілігі байқалады. Осыған орай, медицина мамандығы бар жас мамандар мен еріктілерді жұмысқа тарту шаралары­  қабылдануда.

Р.СӘРСЕНҰЛЫ

Гүлшара  ӘБДІҚАЛЫҚОВА,

Қызылорда  облысының  әкімі:

«МӘСЕЛЕЛЕРДІ   ЖЕДЕЛ   ШЕШУ 

ЖОЛЫН   ҚАРАСТЫРДЫҚ»

– «COVID-19» індетімен күресу жолында елімізде­ бірқатар шаралар қабылдануда. Бас санитар­лық  дәрігердің   қаулысымен  облысы­мызда қатаң карантиндік режимі енгізілді. Жағдайды­ қайта бағамдап, халық сұранысына сай  қажетті  шараларды  күшейту үшін қаладағы бірқатар ауруханалар мен дәріханаларды аралап, туындаған мәселелерді жедел шешу жолын­   қарастырдық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: