«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Қызылорда азық-түлікпен қамтамасыз етіле ме?

02.11.2020, 11:00 152 0

HALYQLINE.KZ Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстың азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу мәселесі жөнінде жиын өтті. Онда облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев пен «Байқоңыр ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Пернеханұлы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Облыс бойынша 29 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен тұрғындарды қамтамасыз ету деңгейіне және осы өнімдермен алдағы уақытта толық қамтамасыз ету бағытыңда қабылдау шаралар жөнінде талдау жасалды.

Талдау нәтижесінде 5 түрлі азық-түлік тауарымен, яғни күріш, тұз, қызанақ, қияр, нан бойынша 100%-дан астам көрсеткіште қамтамасыз етіліп жатқаны белгілі болды. Картоп, жылқы еті бойынша көрсеткіш 70%-дан асса, сәбіз, қырыққабат, пияз, сиыр еті, қызылша, бұрыш, қой еті, балық бойынша 20%-дан астам қамтамасыз етілген. Қалған 14 түрлі азық-түлік тауарлары, яғни, құс еті, жұмыртқа, бидай ұны, қарақұмық жармасы, макарон, сүт, айран, сары май, ірімшік және сүзбе, күнбағыс майы, қант, алма, шошқа еті, шұжық өнімдері бойынша импортқа тәуелділік байқалады.

Қамтамасыз етілу көрсеткіші 80%-дан төмен және импортқа тәуелді өнімдермен ішкі нарықты толығымен нығайту мақсатында 2023 жылға дейін егіс алқаптары мен өндіріс көлемдерін ұлғайту бағытында шаралар қабылданады деп жоспарлануда.

Бұл бағытта 2020-2023 жылдар аралығында жалпы құны 287,4 млрд теңгені құрайтын 265 инвестициялық жобалардың ішінде ауыл шаруашылығы саласында 58,8 млрд теңгені құрайтын 63 жоба бастау алады.

Бүгінгі күнге, әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында құны 14 млрд.теңге құрайтын 45 инвестициялық жобаны жүзеге асыру басталса, оның 9 жобасы іске қосылған. Ал, алдағы жылы өңірде Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 5 мың тонналық ет комбинаты, Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы, Шиелі ауданында қуаттылығы 24 тонналық сүт фермасы және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған басқа да жобалар жүзеге асатын болады.

Сонымен қатар, өңірімізде жылдан жылға су мәселесі өзекті болуына байланысты егіс алқаптарын әртараптандыру бағытында жүйелі шаралар жүргізілуде.

Соңғы 5 жылда 16 мың гектарға егіс көлемі ұлғайып, мал азығы дақылдары 4 мың гектарға, күріштен басқа дәнді дақылдар көлемі 7,5 мың гектарға көбейіп отыр.

Әртараптандыру бағытын одан әрі дамыту мақсатында көкөніс, бақша егіс алқаптарының көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.

Атқарылған шаралар нәтижесінде 2023 жылға дейін 6 азық-түлік тауары бойынша, оның ішінде күріш, нан, тұз, қызанақ, қияр, жылқы еті 100% толық қамтамасыз етілсе, картоптың қамтамасыз етілуі 70,2%-дан 84%-ға жеткізілетін болады, 8 тауар бойынша, оның ішінде, сәбіз, қырыққабат, пияз, сиыр еті, қызылша, бұрыш, қой еті, балық 20% жоғары қамтамасыз етілетін болады.

Импортқа тәуелділік тудырып отқан құс еті, жұмыртқа, бидай ұны, сүт, айран, сары май, ірімшік және сүзбе, алма, шұжық өнімдері күнбағыс майы, қант, қарақұмық жармасы, макарон секілді азық-түлік түрлері бойынша 2023 жылға дейін қамтамасыз ету деңгейі 10%-ға дейін ұлғайады деп жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: