Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қырғызстанда 24 адам президент сайлауына түсуге өтініш берді

13.11.2020, 15:10 487

Қырғызстанда мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына түсуге 25 өтініш түсті, бірақ кейін бір адам арызын қайтарып алды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 12 қарашада Асланбек Малиев, Садык Шер-Нияз, Урустом Кабылбеков, Илгиз Товкеев, Бактыбек Калмаматов, Жамбыл Камчиев, Мыктыбек Арстанбек, Тактайым Уметалиева және Элеонора Турдубекова өтініш тапсырды.

Бұның алдында Адахан Мадумаров, Арстанбек Абдылдаев, Кубан Чороев, Назарбек Нышанов, Бектур Асанов, Бакыт Бекетаев, Канатбек Исаев, Абыкаар Сыдыков, Сазыкбай Турдумалиев, Нурлан Мотуев, Рашид Тагаев, Женишбек Бакуттиев, Клара Сооронкулова, Аймен Касенов, Азамат Эсенбеков және Кубанычбек Кадыров ОСК-ға өтініш берген. Кейін Бакетаев арызын қайтарып алған.

Бұның алдында қырғыз премьер-министрі Садыр Жапаров президент сайлауына қатысу үшін қызметін уақытша тапсыратынын мәлімдеген.

Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауынан соң саяси дағдарыс пайда болды. Сайлау нәтижесін жоюды талап еткендердің наразылық акциясы тәртіпсіздікке ұласты. 6 қазанға қараған түні шеруге шыққандар Ақ үйге басып кірді. Одан кейінгі күндері саяси күштер билікке таласты. ОСК сайлау нәтижесін жойды, президент Сооронбай Жээнбеков қызметтен кетті, үкіметті Садыр Жапаров басқарды, ол президент міндетін қоса атқарып жүр.

ОСК мерзімінен бұрын өтетін сайлауды 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі. Кандидаттардан өтініш қабылдау 14 қарашада аяқталады.

Дереккөз: centralasian.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: