Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қырғызстан президенті отставкаға кетті

15.10.2020, 13:40 483

HALYQLINE.KZ

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін, 15 қазанда елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қырғызстандықтарға үндеу жасап, отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Kyrgyzstan.

Сооронбай Жээнбеков үндеуінің мәтіні:

«Қымбатты отандастар!

Еліміздің астанасы — Бішкектегі қоғамдық-саяси жағдай шиеленісе түсуде.

Кеше Жогорку Кенеш үкімет құрамын бекітті, мен Қырғызстан президентінің тиісті тағайындаулар туралы жарлықтарына қол қойдым. Бірақ бұл шиеленісті жеңілдеткен жоқ.

Өкінішке қарай, агрессия азаймайды, менің тез арада отставкаға кетуім туралы талап әлі жалғасуда.

Қазіргі жағдай екі жақты қақтығысқа жақын.

Бір жағынан – наразылық білдірушілер, екінші жағынан – құқық қорғау органдары. Әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары мемлекеттік резиденцияны қорғау үшін қару қолдануға міндетті. Бұл жағдайда сөзсіз қан төгіледі. Екі тарапты да арандатушылыққа ермеуге шақырамын.

Қымбатты менің отандастарым!

Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ.

Менің билікке таласым жоқ. Қырғызстан тарихында өз азаматтарына қан төккен және оқ атқан президент ретінде қалғым келмейді.

Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын.

Ешбір билік біздің еліміздің тұтастығы мен қоғамдағы келісіміне қарсы тұра алмайды.

Жаратқан бізге жар болсын, жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!».

Пікірлер:
  • Сооронбай ел басқаруда үлкен қателіктерге ұрынды. Атамбаевты тұтқындауда өрескел қатігездік танытты. Өзі көтере алмайтын шоқпарды беліне байлаған адам. Дегенмен, отставкаға кету шешімі- ЕРЛІК. Еркек адам осындай болуы керек.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: