Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық көліктердің санитариялық-дезинфекциялық жағдайы қадағаланды

18.05.2020, 12:49 527

Қызылорда қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен қала аумағындағы қоғамдық көліктердің санитариялық-дезинфекциялық жағдайының жай-күйімен танысу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Қала аумағын аралау Қызылорда теміржол вокзалынан басталып, «Aray City Mall» ойын сауықтыру орталығына дейінгі аялдаған қоғамдық көліктердің карантин режимінде санитариялық-дезинфекциялық жағдайлары қаралып, «Қызылорда» Автобус паркі» ЖШС-нің автопаркінің жұмыс істеу тәртібі бақыланды.

Нәтижесінде, қала аумағында қоғамдық автокөліктердің карантин режимінде Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен 2020 жылғы 10 мамырдағы қаулысында көрсетілген күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық талаптарын сақтауы қызмет көрсету кезінде сын көтермейтіндігі анықталып, тиісті ескертулер мен түсіндірулер берілді.

Мәселен, барлығы 11 қоғамдық көлікке бақылау жүргізу барысында адамның шамадан тыс көптігі, белгіленген арақашықтықтың сақталмауы, жүргізуші мен кондукторлардың міндеттелген бетперделерді қолданбайтындығы және арнайы дизенфекцияланған дымқыл маталарды пайдаланбайтындығы анықталды.

Аталған іс шара 2020 жылдың 13 мамырынан бастап 30 мамырға дейін іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Бұл іс-шара «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комиссиялары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңесі мүшелері, Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің,  Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері және «Қызылорда» Автобус паркі» ЖШС директоры Н.Ахатовтың қатысуымен өткізілуде.

Қызылорда қаласының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: