Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ 1 млрд долларға жаңа жоба бастады

08.01.2021, 15:40 512

АҚШ, Қазақстан және Өзбекстан үкіметі Орталықазиялық инвестициялық әріптестік құрды. Үш елдің бірлескен мәлімдемесі АҚШ-тың Өзбекстан елшілігінің ресми сайтында 7 қаңтарда жарияланды. Бұл туралы centralasian.org хабарлады.

Құжатта атап өтілгендей, қатысушылар аймақтық экономикалық әріптестікті дамыту үшін көрші елдерді де жобаға қосылуға шақырады.

«Аталған жоба аясында АҚШ-тың халықаралық қаржылық даму корпорацисы, Қазақстан үкіметінің мүддесін қорғайтын «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Өзбекстанның инвестиция және сыртқы сауда министрлігі бес жыл көлемінде жеке сектор мен экономиканың дамуына 1 млрд доллар жұмсайды», – делінген мәлімдемеде.

Бұл жоба C5+1 платформосы аясында жүзеге аспақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: