Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

27.05.2020, 18:21 1191

HALYQLINE.KZ Облыстық бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі негізінде Қазалы ауданы әкімінің өкімімен Әліби Әбиев аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Әліби Берікұлы 1978 жылы Арал ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының экономисі болып бастаған.

2000-2011 жылдары аудан әкімі аппаратының бас маманы, Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, 2011-2012 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, 2012-2019 жылдары Әйтеке би кентінің әкімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

2019 жылдың қазан айынан бастап аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: