Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауіпсіздік саясатының философиялық тұғыры

26.11.2020, 12:00 643

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент­і, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси қызметінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі орасан зор. Елбасының саяси философиясы заманау­и мемлекет құрылысының негізі болып табылады және уақыт тәжірибесінде қисын­дылығын танытып, Қазақстан халқының Батыс пен Шығыс құндылықтарын біріктірген мен­талитетіне сәйкес келеді. Мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуындағы таңдау жолында күрделі шешімдер қабылдау Тұңғыш Прези­дент­ке жүктелді. Егер, ақиқаттың негізгі өлшемі деп тәжірибені санасақ, бүгінгі тәжірибе және шынайы нақтылық заманауи үдерістерге сай дамуды­ң «қазақстандық жолының» дұрыс­тығын  көрсетеді. Бұл еліміздің тәуелсіздік алған­ жылдарынан бастап ұлттық қауіпсіздікті бекітуд­егі  негізгі  басымдықтар  беруімен  байланысты.

Қазіргі ғылымда «саяси көшбасшы» термині кеңінен қолданылғанымен, оның нақты мағыналық түсіндірмесі толықтай қалыптаспады. Көп жағдайда басқарушы көсем, басшы, жетек­ші  ұғымдарымен  ұқсас негізде пайдаланылады. Әлбетте, әрбір басқарушы көшбасшы емес екені анық. Тек бұқараны басқара алатын, оларды жаңа бастамаларға жұмылдыратын, әрбір қимыл үдерісін үнемі бағыттап және түзеп отыраты­н тұлғаны ғана саяси көшбасшы деге­німіз  дұрыс.

Посткеңестік мемлекеттер көш­басшылары саяси басқарудың жеке стилін иеленгенде қарулы қақты­ғыстарды теледидар алдында қарап отырар ма еді? Бұл мәселеге жауаптар тұрғындар арасында өзара мәндес болуы мүмкін. Бірақ Елбасымыздың Қырғызстанды азамат соғы­сы­нан сақтап қалуы аймақтағы көшбасшының қимылы емес пе? Сондықтан саяси көшбасшының негізгі қызметі қоғамның түрлі топтары арасындағы жалпы идеялар, құндылықтар мен идеалдарды мәмі­леге келтіру және бірлестіру болып табылады. Басқаша айтсақ, көшбасшы қызметінде саясаткердің байланыстырушы қызметі басым болатындығын айтқан жөн. Егер белгілі бір қоғамда әлеуметтік шиеленістер дәрежесі жоғары болса, бұл мемлекеттердің саяси көшбасшылары байлан­ыстырушы қызметін әлсіз жүр­гізеді.

Тәжірибе көрсеткендей, мемлекет басында тұрған саяси көшбасшы қоғамдағы келісімді қалыптастыра алса ғана заңды саналады. Тек осы тұлға қоғамдағы түрлі мақсаттар мен бір-біріне  қарама-қайшы  мүдделерді біріктіре  алады.

Жаңару болған алған қоғамда саяси­ көшбасшының рөлі ерекше. Өйткені, осы шарттарда көшбасшы тұрақ­тылық факторы болады және жаңа өзгері­стердің бастамашысы саналады. Көшбасшы осы шарттарда қоғам дамуының стратегиясын қалыптастырады және оны орындау құрал­дарын  айқындайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қауіпсіздік саясатының фило­софиялық тұғырларын былайша жинақ­тап  көрсетуімізге  болады.

1. Диалектикалық-конвенционалистік ұстаным. Елбасы өзінің саяси­ көшбасшылық рөлінде тарихилық пен логикалықтың, дәстүршілдік пен жаңашылдықтың, батысшылдық пен шығысшылдықтың, тіпті мұсылмандық пен әлемдік діндер үйлесімділігін шебер пайдалана білді. Мұндай конвенционалистік саясат біржақтылыққа ұрынбауға, сәйкесінше, әлем дамуындағы жаңа, озық, тиімді, пайдалы модельдерді өзімізге көшіріп алуға мүмкіндік берді. 1991 жылдардан бастау алған мұндай әдіснама, кешікпей-ақ өзінің нәтижесін көрсете бастады және бүгінгі таңда да осындай екіжақты ұстанымды басшылыққа алмаудан басқа жол жоқ екендігін дәйектеп берді. Бұл тарихты, дәстүршілдікті, өткенді ұмыт қалдыру дегенді біл­дірмейді, осы ұмыт қалдырмаудың дәлелі бүгінгі біздің Ұлттық мемлекетіміз болып отыр. Себебі, тым тарих­илық ұстаным әлемдік өрке­ниеттік сахнадан оқшаулап тастауы ықтимал сыртқы қатер, ал керісінше, тым батысшылдық пен логикалық ұлттық құндылықтарға қауіп төндіретін ішкі қатерлер болып та­был­ады. Жаңашылдыққа ұмтыл­маудағы ұлтымыздың «жеңілісін»  18-19-ғасырлардағы қазақ қоғамының даму келбеті анықтап берген еді. Сондықтан Елбасы тарих қателігін қайталамауымызға тиіс екендігін байыпты түйсініп, ұлттық рух жаңашылдық арқылы қайтадан өзін-өзі тани түсетіндігін тереңірек ұғынды.

2. Прагматикалық-персоналистік ұстаным. Тәуелсіздік алған жыл­дар­дағы халықтың қиын жағдайы, қатерлердің арта түсуі, шындығында, алдым­ен, тек ғана экономикалық өрлеуді талап етіп, руханилықты кейінге­ қалдыруға мәжбүрледі. Халық­шылдығымыз бен Елдігіміздің сұраныстары да мемлекет пен тұлғаларымыздың материалдық жағдайын жақсартып алуы тиіс екендігіне қарай жетеледі деуімізге де болады. Сондықтан, экономикалық даму мен жаңашы­лдыққа басымдық беру өзінің жетістіктерін көрсете баста­ғаннан-ақ, Елбасы рухани салаға, мәдениет пен өнерге, ғылым мен рухан­иятқа қайтадан айрықша көңіл аударды. Нақтылық пен тиімділік, пайдалылық пен нәтижелік сияқты прагматистік ұстанымдар бастапқыда «Тым капиталистік – нарықтық есепке» құрылғандай болып көрінді, бірақ бұл ұстаным қазақ дүниетанамындағы «Аш бала тоқ баламен ойна­ма­йды», «Күлтөбенің басында күнде жиын (болмауы тиіс)» деген сияқты қауіпсіздікті сақтаудың нышандарының дұрыстығын дәлелдеп беретіндей саясаттың мағынасын ашып берді.

3. Органикалық тұтастық ұстанымы. Бұл тұста Н.Назарбаев алдымен ұлт бірлігі, одан соң жалпықазақстандық идея, сосын аймақтық және жалпы­адамзаттық тұтастық идеясын алға тартты. Қазақстандағы көп­ұлт­тылық пен көпконфессионалдық саяса­т, түптеп келгенде, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қам­тамасыз ететіндігі түсінікті жайт. Тарихт­ағы Қазақ Еліндегі ауыз­бір­ші­ліктің жоқтығының қайда жетелей­тіндігін түйсінген Елбасы, алдымен, жергілікті ұлт – қазақтар ішіндегі осы алауыздықты жоюдың «әзірге» қолайлы тетігі – осы көпұлттылық екендігін байыптады. Одан соң аймақтық пен жалпыадамзаттық бір­лікті қуаттады, экономикалық қатынастар арқылы саяси-мәдени бір­лік­ке оңайырақ қол жеткізуге болатындығын түйсінген көшбасшымыз, алдым­ен, ең түпкі мәселе, Кеңес заманы­нан қалған әлемдік саяси сахна­дағы «қырғиқабақтық-психо­логиялық соғыстық» сананы жоюды көздеді. Әлемде бүкіл саяси сахнаны оңайырақ мойындата алатын тәсіл – өз еркімен ядролық қарудан бас тартуд­ы мақсат етті. Ол біріншіден, алып империялар алдындағы ұлттық қауіпсіздікті сақтау болатын болса, екіншіден, әлемдік соғыс қауіпсіз­ді­гін сейілтуге болатын жалпылама сенімді нұсқа еді. Міне, Қазақстанның мүмкіндігінше, көбірек халық­аралық ұйымдарға мүше болуы және мүмкіндігінше оны басқаруының түп мәні осы еді. Қазақ халқының тарихи­ санасы да бейберекетсіз-себепсіз жаугер­шілік пен соғыстан жалыққандай десе де болады. Сондықтан да, біздің еліміз «халықаралық бейбіт­ші­лік – жеке-жеке ұлттық және жалпыадамзаттық қауіпсіздікті сақтаудың түп алғышарты» деген мотивті басшылыққа алып жұмыс істеп келеді.

4. Футурологиялық-прогностикалық ұстаным. Елбасы қашанда, тек бүгінмен емес, болашақпен өмір сүру қажеттігін басшылыққа алды. Сондықтан да, оның саясаты көрегенділік сияқты сипат алды да, идеялары кейінн­ен ғана өзінің өзектілігі мен қажеттілігін дәйектей түсті. Бірақ оны кезінде, оппозициялық күштер мен бұқара халық түсіне бермеді. Мысалы, Елорданың қазіргі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілуі, облыстарды біріктіру, территорияны анық белгілеп алу, атом қаруынан бас тарту, т.б. кезінде айтарлықтай қарсылықтар туғыз­ғанмен, 1-2 жылдық болашақ емес, алыс болашақты болжаудың нақты стратегиялары болып шықты. Бүгінгі таңда оның тәуелсіздік алған тұстағы және одан кейінгі жасаған әрекеттері мен саяси іс-қимылдары ақылға сыйымды екендігін халық түсініп келеді. Қашанда заманынан озық жүру қажеттігін терең байып­таған Елбасының ұстанымы оның саясат­ының  философиялық  негіз­дері  болып  табылады.

Сондықтан Н.Назарбаевтың бұл шаралары ұлттық қауіпсіздікті сақ­тау­дың және оны нақты болжай білудің негізгі тұғырнамасы болып табылд­ы да, ол өз ісін «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегиялары арқылы жалғастыра түсті.

Қайнар  ҚАЛДЫБАЙ,

PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті­нің  қауымдастырылған  профессор міндетін атқарушы,

Ботагөз ПАРИДИНОВА,

философия  магистрі, Қызылорда «Болашақ»  университетінің 

аға оқытушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: