«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 424.49 (-1.1)

  • EUR: 504.51 (-0.92)

  • RUB: 5.59 (-0.02)

Қарақұмда өскен қарағай

21.09.2020, 17:30 265 0

HALYQLINE.KZ Біз мұндай кереметті басқа жерден кездестіре бермеуіміз мүмкін. Себебі шөлді аймақта қарағай түгілі басқа өсімдіктер көп өсе бермейтіні белгілі.

Қазалы ауданының Қарақұм беткейінде қарағайды өсіріп отырған Тапа ауылының байырғы тұрғыны – Аманжол Жұмабеков. Ақсақалдың ауласында мұнан басқа жеміс ағаштары мен бау-бақша жайқалып өсіп тұр.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Қарақұмға сапары барысында Тапа ауылына арнайы соғып, еңбекқор ақсақалға сәлем берді. Амандық-саулықтан соң Аманжол Жұмабековтан шөл далада біздің аймақта кездесе бермейтін қарағайды қалай өсіргенін сұрады.

Өз кезегінде аудан орталығынан шалғай ауылда тұратын ақсақал мұның ешқандай да құпия сыры жоқ екенін жеткізді. Адам алдына айқын мақсат қойса қолға алған жұмыстың барлығы да жүзеге асатынын жеткізді.

Ең бастысы адамға ынта керек және алға қойған мақсатың айқын болуы шарт. Мен де бұл қарағайды бірден өсіре алғаным жоқ. Алғашында дұрыс күтім жасай алмай көшеттерді «өлтіріп» алдым. Онан соң көршілес Ақтөбе облысынан көшет алдырып, қайта ектім. Қазір ауламда 18 түп қарағай өсіп келе жатыр. Ең үлкенінің бойы 3 метрге жетіп қалды, – дейді ақсақал.

Аудан орталығынан жырақта, Қарақұмның ортасында тұратын Аманжол Жұмабеков ақсақал бұл жақтағы өміріне еш өкінбейді. Қайта өзін осы аумақта бақытты сезінеді екен. Қаласа қалаға барып, ағайын-туыстың қуанышымен де бөлісіп қайтады.

Ақсақал мұнан бөлек есік алдына жеміс ағаштарын да отырғызған. Биыл өрігі мен шабдалысы алғашқы өнім бергенін мақтанышпен айтып берді.

Расында алға қойған жоспары нық, ерік-жігері мықты адам өз дегеніне жетпей қоймайды. Оған жетпіске жақындап қалған Аманжол ақсақалдың шөл далада өскен қарағайы мен бау-бақшасы айқын дәлел бола алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: