Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

01.12.2020, 10:00 1100

Құрметті қызылордалықтар!

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды мемлекетіміздің мерейлі мерекелерінің бірі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – еліміздің жетістіктерін ұлықтайтын, жас ұрпаққа нағыз елжандылық пен Отансүйгіштіктің үлгісін көрсететін күн. Тағылымды мереке ең алдымен елдікке құрметтің белгісі. 1 желтоқсан – тәуелсіз еліміздің қатпарлы тарихында жаңа парақша ашылған күн. Осыдан тура 29 жыл бұрын еліміз шекарасын бекітіп, егемендігін алып, өз тәуелсіздігін жариялап, тұғырына туын көтеріп болашағы үшін тағдырлы шешім қабылдады. Сол жылы алғаш рет жас мемлекеттің Президенті сайланып, халқымыз тарихи таңдау жасап, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ел тізгінін ұстатты.

Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті – жаңа тәуелсіз мемлекеттің шаңырағын көтеріп, ел еңсесін тіктеп, қадамын нықтап, болашаққа батыл бастап, тұтас халықтың татулығы мен ауызбіршілігін сақтап, тірлігін түлетті.

Дербес ел атанып, тәуелсіздігін алған отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанды жаһандық мәселелерді шешуде ортақ ой айта алатын, әлемдік деңгейде үздік саясатың үлгісін қалыптастырған, экономикасы қарқынды дамушы ел ретінде барша әлем танып, мойындады. Тұңғыш Президентіміздің сындарлы, сарабдал саясатының арқасында еліміз экономикалық реформаларды сәтті жүзеге асырып, тұрмысы түзелген, халқының әл-ауқаты жақсарған мемлекеттердің қатарына қосылды.

Сондықтан бұл – татулықты ту етіп, экономикалық ынтамақтастықты берік сақтап келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, бірлігі жарасқан халқымызды бір мақсатқа жұмылдырар тарихи тағылымы терең мейрам.

Халқымыздың бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мәртебелі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, халықтың бірлігі мен ынтымағы артып, еліміз тыныш, Елбасымыз аман болғай!

Ізгі ниетпен,

Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: