«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 417.99 (-0.32)

  • EUR: 492.68 (+0.75)

  • RUB: 5.74 (+0.06)

Қала әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

30.07.2020, 10:45 76 0

Құрметті қызылордалықтар!

Баршаңызды әлемдегі күллі мұсылман қауымы үшін ең ұлық мереке – қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Айттан айтқа айналамыз аман, төңірегіміз түгел, ел іргесі бүтін, бірлігіміз бекем хәлде жеткенімізге Аллаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! Қастерлі Құрбан айт мерекесінде құрбан шалып, ниет еткен жандардың ниеті қабыл болсын!

Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Ізгілік пен мейірбандылықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Құрбан айт – исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімділіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам.

Әлемдегі 1,5 млрд астам мұсылман қастерлейтін Құрбан айт діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық. Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, бірлікке үндейтін ұлық мереке! Біздің елімізде бұл мейрам сан алуан этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықты, ұлттық бірегейлік пен игі құндылықтарымызды, достық пен бірлікті берік сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді.

Осынау жарқын мейрам қарсаңында жүрегіне иман ұялаған әр адам жақсы амал жасап, көмекке зәру жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш пен мейірім сыйлауға тырысады.

Қадірлі жерлестер!

Қазақстан – татулықты ту еткен, ауызбірлігі жарасқан, сан ғасырлық тарихи мен мәдени мұраларын сақтап, рухани жаңғырудың даңғылына түскен зайырлы мемлекет. Біз ата салтымызды, дәстүрлі дінімізді ұлықтау арқылы Тәуелсіздік құндылықтары мен патриотизмді нығайтамыз және елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап, жастар бойында отансүйгіштік сананы күшейтеміз.

Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен құттықтай отырып әрбір шаңыраққа амандық, бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік, кәсіптеріңізге адалдық пен өрлеу тілеймін!

Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі амалдарыңыз сауаптан жазылсын!

Айт қабыл болсын!

Ізгі ниетпен,

Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: