«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (1.18)

  • EUR: 509.29 (4.04)

  • RUB: 5.58 (-0.01)

Президентті Сыр өңіріндегі ахуал алаңдатады

10.04.2020, 15:57 182 0

HALYQLINE.KZ –| Қызылордада науқастар санының күн санап өсуіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алаңдаушылық білдірді.

– Тұтастай алғанда, жағдай бақылауда. Елорда мен Алматыдағы қазіргі жағдай тұрақты. Бірақ, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында ауруға шалдыққандардың саны күрт өсіп кетті, – деді ол.

Мұның себебін Президент атқарылған жұмыстардың жеткіліксіздігімен байланыстырып,  қосымша шаралар қабылдау қажет екенін жеткізді.

– Оңтүстік – халық тығыз орналасқан өңір. Сондықтан, індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз, – деді Президент. 

Соңғы мәліметке сәйкес, Қызылордада науқастар саны 104-ке жетті. Облыс аурудың таралуы жөнінен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан кейін үшінші орында тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: