«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

Президент: «Балаларыңыз қазақ тілін үйренуі керек!»

02.03.2020, 12:40 335 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сортөбе ауылындағы мәдениет үйінде дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Ақорда.кз сайты.

Президент Қазақстанды достықтың, бейбітшілік пен келісімнің, сондай-ақ, барлық этникалық топтардың ортақ отаны болып саналатынын атап өтті. Еліміз түрлі тарихи жағдайларға байланысты, қиын-қыстау заманда мәжбүрлі түрде қазақ жерін паналап келген халықтың бәрін құшақ жая қарсы алғанын айтты. Мемлекет басшысы Қордай ауданында болған оқиғадан дұрыс қорытынды шығару керек екенін мәлімдеді.

«Болған қайғылы оқиға артта қалуы тиіс. Алдағы уақытта тату-тәтті, түсіністікте бірге өмір сүреміз. Біз бұдан сабақ алуымыз керек. Бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Бұл – биліктің де жіберген кемшілігі. Сондықтан мен бірден облыс басшылығын, соның ішінде құқық қорғау органдарының жетекшілерін де ауыстырдым.

Балаларыңыз қазақ тілін үйренуі керек! Сондай-ақ, орыс тілі мен өзінің ана тілін де білуі қажет. Мемлекет сіздердің мәдениеттеріңіз бен дәстүрлеріңізді сақтап, дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Дегенмен сіздер, әсіресе, ауылда тұратын азаматтар мемлекеттік тілді білгендеріңіз аса маңызды», – деді Мемлекет басшысы.

Кездесуде Қордай ауданының Құрметті азаматы Шисыр Динласон кезінде қамқорлық көрсеткен қазақ халқына қонақжайлылығы мен мейірімі үшін алғыс білдірді. Еңбек ардагері жергілікті дүнгендердің болған оқиғаға өкініш білдіріп, кешірім сұрайтынын айтты. Сортөбе ауылдық мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эдик Суларов жергілікті балаларға мемлекеттік тілді, Қазақстан тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрін оқытуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Қаракемер, Масаншы және Сортөбе ауылдарындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін Арнайы жедел әрекет ету жасағының жауынгерлерімен, Ұлттық гвардияның әскери қызметшілерімен әңгімелесті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: