Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Праймеризге қатысушылар үгіт-насихат жұмыстарын бастады

07.09.2020, 17:30 706

HALYQLINE.KZ Бүгін «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатқан үміткерлер ережеге сәйкес үгіт жұмыстарына көшті.

Аты айтып тұрғандай бұл кезеңде кандидаттар өздерін жан-жақты көрсетуге тырыспақ. Алайда үгіт-насихат жұмыстары праймериз ережесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.

Атап өту керек кандидаттар бұл кезеңде онлайн форматтардағы кездесулер ұйымдастыруына, сондай-ақ, өздерінің үгіт материалдарын таратуға болады. Ал үгіт материалдарын жапсыруға және баннерлер орнатуға ережемен тыйым салынғандығын естен шығармаған жөн.

Бір атап өтерлігі үгіт кезеңіндегі негізгі шаралардың бірі, бұл – жария дебаттар. Бұған барлық кандидаттар қатысуға міндетті. Жария дебаттардың кестесі, бөлінісі, сондай-ақ, өткізілетін орны мен уақыты бүгін облыстық партия филиалының әлеуметтік желілердігі ресми аккаунтарында қосымша жарияланатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: