«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

«Парламент, үкімет жұмысын дұрыс атқарса, митинг те күн тәртібінен кетеді»

10.06.2020, 17:55 187 0

HALYQLINE.KZ Орта есеппен әр 3 айда бір митинг өтіп тұрса қалыпты дүние ретінде қарау керек деп есептеймін. Жылына 4-5 митинг болса норма. Өз ойын айтқысы келген азаматтарды қудаламау қажет. Көп те емес сандары. 200-300 адам жиналады. Ары кетсе 2000 шығар. Шықса онда да. Талаптары орындалса, үкімет естісе үйлеріне қайтады. Менталитет солай бізде. Қалалардың ара-қашықтығы да біраз нәрсеге әсер етеді. Фейсбукта жазып жүргендерді де қудалаудың қажеті жоқ. Практика көрсеткендей жазады да қояды. Митингке де шықпайды мұндағылар. Үйреніп қалған просто жазып. Тегін сөзді аясын ба.

Пикеттер аптасына біреуі өтіп жатса қалыпты дүние ретінде қарау керек. Ешкімді бұл үшін қудалап керегі жоқ. Шықсын, айтсын онда тұрған ештеңе жоқ. Бүкіл әлемде солай. Үкімет митинг деп қудалаған сайын осы тақырып дауға айналып барады. Кішкене еркіндікке жіберсе қазір жаппай шығатын халық та жоқ. Парламент, үкімет жұмысын дұрыс атқарса митинг те күн тәртібінен кетеді. Қыспаққа алған сайын митинг деген искуственный үлкейтілген әңгіме болып кеткен бізде. Бүкіл ұлттың намысына, болмысына тиетін ұлттық құндылықтарға тисіп, орынсыз шешімдер қабылдап, үлкен қателік жіберіп алмаса болды.

Бауыржан Серікбаевтың фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: