Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отыз жыл болды оппозиция басы неліктен бірікпей келеді?

21.10.2020, 12:25 471

HALYQLINE.KZ

Таяуда жарияланған әлеуметтік зерттеуге сәйкес «Nur Otan» партиясының сайлауалды рейтингі 76 пайызды құрапты. Аталған көрсеткішке сену иә сенбеу – әркімнің жеке ұйғарымы. Десе де басқа партиялар үнсіз отырғанда, тіпті шынайы партияаралық бәсекелестік жоқ жағдайда осылай болуы әбден ықтимал. Рас, қоғамда билік партиясына деген сыни көзқарас әлі де басым. Бірақ басқа партияларды сынау түгілі біліп, елеп жатқандар кемде-кем. Екіншіден, жыл сайын «Nur Otan»-ға азаматтардан келіп түсіп жатқан шағым мен өтініштері еселеп өсуде. Бұл қаншама жағымсыз пікірде болғанның өзінде қоғам нақты істердің шешімін осы партиямен байланыстыратынын айғақтайды. Әсіресе коронавирус кезінде аталған жағдай анық байқалды. Үшіншіден, «Nur Otan»-ның өзі де жаңаруға бет алғаны – оң үрдіс. Бұны жақында өткен праймериз, оған 10 мыңнан астам үміткердің белсене қатысқаны көрсетті.

Анығы сол, әлдекімге билік пен оның партиясы ұнамауы мүмкін. Бұл ретте билікті кінәлауға болады, бірақ жеткіліксіз. Әйтпесе қалған алты партия неге ылғи жым-жырт? Отыз жыл болды оппозиция басы неліктен бірікпей келеді? Оларға көңіл толмаса, балама бағдарлама ұсынған жаңа қозғлыстар мен партиялар құруға не кедергі? Аталған сұрақтарға жауапты тек билік емес, қоғамның өзі де іздеуі қажет. Ал құр ұраншылдықпен, анау да жаман, мынау да жаман деп аһ ұрғаннан ісіміз оңға баспасы анық. Мәселен, өткен сайлауларда мыңдаған азаматымыз бақылаушы болып талай былықты әшкерелегені құптарлық. Бірақ соны әділдік үшін сотқа жеткізгені қанша? Жоқтың қасы. Иә болмаса түрлі шектеулерге қарамастан жаңа партия құру үшін 20 мың дауыс жинауға да болады, бұл Қазақстан халқының 0,12 пайызы ғана. Әрине, мәселені заңдық және өркениетті жолмен шешу көп уақыт пен күш талап етеді. Сайып келгенде демократия бұл ең алдымен процедуралар, оларға бағыну болып табылады. Тиісінше түбі оң нәтижеге әкелетін жалғыз жол осы деп білемін. Ал енді демократия айғайшылдықпен не атой салумен орнай қойса, Қырғызстан баяғыда Еуропа болар еді. Бірақ олай емес қой.

Расул  ЖҰМАЛЫ,

саясаттанушы

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: