Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өкілеттілік тоқтағанмен өмір тоқтаған жоқ!

19.03.2020, 10:54 720

19  наурыз  2019  жыл,  сағат  19:00.

Бұдан қандай да бір символикалық астар іздеудің қажеті бар-жоғы­н қайдам, алайда бұдан тура бір жыл бұрын дәл осы күні елімізде­ тарихи маңызы бар шешім қабылданды. Бұл күннің болары анық еді, бірақ мұндай жеделдік болады­ деп ешкімнің ойламағаны сөзсіз. Иә, сол жылы, сол күні, сол сағатта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарнал­ар арқылы халыққа үндеу жасап, президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. «Мен Қазақстан Республикасының Президенті­ ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым­. Бұл – оңай  шешім  емес»,  – деді  мемлекет  басшысы.

Жасыратыны жоқ, сол кезде бұл мәлімдемені әркім әрқалай қабылдады, түрлі пікірлер де айтылды, тіпті көршілер мен әлемнің ал­пауыт елдерінің өзі таңданыспен қарап жатты. Телеарна, баспасөз, әлеуметтік желілер арқылы да қимастық білдіріп, ризалығын ақтарып, көңілдері босап отырған ел-жұрт­тың пейілі де кең еді. Сол жолы былтыр еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметті атқарып келе жатқанына 30 жыл толғанын атап өткен Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы­ жылдарындағы Қазақстанның қиын жағдайын тілге тиек етті. «… Дүние төңкеріліп кеткендей көрінді. Бұл сынақ болатын. Біз одан сүрінбей өтіп, дамудың қазақстандық жолын салуға белсене кірісіп кеттік…» деді. Сөз жоқ, қиындықтың бәрі артта қалды, бүгінде бізді әлем таныды, өркениетті елдердің көшіне ілестік. «Кезінде Тәуелсіздік­тің жылнама парағын өзі ашып еді. Қиын-қыстау кезеңде қиядан жол тапты. Өгізді өлтірмеді, арбаны сындырмады. Қырықпышақ қыр­қыстарға, арамой араздықтарға ұрындырмады. 30 жыл қанды қақ­тығыстарды тек теледидардан көріп, бейбіт өмір кештік. Шекарамызды  нықтадық. Астанамызды салдық. Болашағымызға бардық. Тарих­ дейтін алыптың өлшемімен қарағанда, талай-талай табысқа табан  арттық». Бұл – Мұрат Есжан­ есімді  әлеуметтік  желі қол­дану­шының  сол кездегі сөзі.

Қазақ халқы – қашаннан келер күннен  жақсылық, үміт  күтетін  ұлт. Содан да ендігі өмірін алдағы күннің еншісіне қалдырған жұрт жаңа өзгерістің жаңаша жүрістерге, қарышты қадамдарға бастайтынына сенімді болды. Оған Елбасы да сенеді. «Мен дұрыс жолмен келе жатқа­нымызға сенімдімін. Бізді тура жолдан ештеңе де тайдыра алмайд­ы. Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады. Егер біз әлдеқандай күшке немесе басқа біреуге үміт артсақ,  қол  жеткізген жетістік­тің бәрінен айырыламыз» деп сөзін түйіндеген Н.Назарбаев сол күні «Nur Otan» партиясының жетекшісі және елеулі өкілеттілігі бар Қауіп­сіздік кеңесінің төрағасы болып­ қала беретінін жеткізді. Тұңғыш президенттің айтуынша, оның ендігі міндеті – «басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету». Ол Қазақстандағы билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелгенін, президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкілет­тігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасына берілетінін, қазір парламенттің жоғары палатасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев екенін, «Қазақстанды бас­қаруға  нағыз  лайықты  азамат» деп мәлімдеді.

Тарихи сәт келді, мәлімдеме соңын­да мемлекет басшысы «соң­ғы» қабылдаған жарлығына қол қойып, оның мәтінін оқып берді. Құжатқа сәйкес, Назарбаев 2019 жылы 20 наурызда президенттік өкілеттігін доғарып, қалған мерзі­мін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады. Сөйтіп, парламент ертеңіне пала­талардың бірлескен отырысында Тоқаевтың ант қабылдау салтанатын өткізді. Жарлық қол қойған уақыттан  бастап  күшіне  енді.

Міне, Елбасы елінің алдында еңсесі биік, абыройы асқақ күйде осынау жауапкершілігі қара жерден де ауыр қиын қызметтің әдемі нүктесін қойғанына да жыл толды. 2019 жылдың 9 маусымындағы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында отандастарының  77,4 пайыз дауысын иеленіп, ресми түрде мемлекет басшысы болып таққа отырғанын былай қойғанда, былтырғы 20 наурыздан бері өкілеттілікті иеленген Қасым-Жомар­т Тоқаевтың да ел тізгінін ұстап келе жатқанына – тура бір жыл. Бұл бір жыл қазақ үшін қуанышымен қатар қайғысын да ала келді. Әлем дүрлігіп, қазақстандық қоғам да құбылып тұр. Бұл мемлекет басшысына да, билік басында жүргендерге де оңай тиіп тұрған жоқ. Айтсақ, 365 күннің ақ пен қарасы қатар өрілді. Өткен жылдың басында бас қалада бес бірдей бүл­діршіннің тірілей отқа оранған оқиғасынан кейінгі аналардың нараз­ылығы бүгінге дейін әлсін-әлсін бой көрсетіп келеді. Аран­датушы күштердің айтақтауымен алаңға шығып, митингілету де жиілеп­ кетті. Жаздағы Арыста болға­н жарылыс та жұртты есеңгіретіп тастады, кешегі Қордайдағы қақтығыс та жоғарғы жақтағылардың жарғақ құлағын жастыққа тигізб­еді. Мұнай бағасы құлап, теңге­ теңселіп, экономикалық қиындыққа тап болу да көптің көңі­лін күпті етсе, мынау Қытайдан баста­лған тәжтажалың да талайдың түн ұйқысын төрт бөлетін түрі бар. Қазір елімізде төтенше жағдай жариял­анды. Бір нәрсе анық, қай кезде де ашуын ақылға жеңдіріп, сабырл­ық танытатын қазақ халқының береке мен бірлігі бәрін де жеңеді­. Кеше мемлекет басшысы да осыны  айтты.

Осының бәрін теріс ойлы­лардың  оңтайлы  пайдаланып, түрлі қауесет пен дақпыртқа ұлас­тыр­ғысы келіп жүргені де анық. Әсіресе, 18 наурызға белгіленген «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің­  кеңей­тілген отырысының астарынан «үлкен бір нәрсе» іздегендер аз емес. Бірақ, бұл кеңейтілген кеңесті­ң де уақыты кейінге шеге­рілді. Алда не күтіп тұрғанын болжау да қиын. Бір ақиқаты, Қасым-Жомарт Тоқаевтың мем­лекетті ары қарай басқара бергенін қалайтындар да бар. Өйткені Кемелұл­ы бір жылдың ішінде халық­тың  көңілі­нен  шығатын біраз тірлік жасады. Саяси реформалар жасауға ұмтылып, жұрттың қолдауына ие болғанын да жасыра алмаймыз…

Бір сөзбен айтқанда, өкілет­тілік тоқтағанмен өмір тоқтаған жоқ! Өркендеп, өсе  берейік! Алла халқы­мызды  панасынан  тас­та­масын!

Н.АҚПАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: