«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

Облыстың үздік ауыл әкімі марапатталды

23.10.2020, 12:25 206 0

HALYQLINE.KZ Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі Сағдат Нұрмағанбетов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың алғыс хатымен марапатталды.

Ауыл әкімі С.Нұрмағанбетов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсына облыс атынан қатысқан еді.

Елімізде алғаш рет өткізілген конкурстың мақсаты – елдің ауылдық елді мекендеріндегі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жергілікті бастамаларды, оның ішінде қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын ынталандыру, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосатын үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу.

Агенттік төрағасының алғыс хатын табыстаған Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Рафхат Бисенов ауыл әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, қызмет барысында тұрғындармен кері байланысты күшейту бағытындағы жұмыстарға ерекше мән беру керектігін тапсырды.

Айта кету керек, байқауға аймағымыздың 17 кент және ауылдық округ әкімдері қатысуға ниет білдіріп, құжаттарын тапсырды. Құжаттары талаптарға сәйкес келген 7 әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында онлайн сауалнама жүргізілген болатын.

ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: